Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Театр – Паркинсон ауруына қарсы «әлеуметтік дәрі»

Театр – Паркинсон ауруына қарсы «әлеуметтік дәрі»

Керек кеңес 08.07.2025, 13:05 684
Театр – Паркинсон ауруына қарсы «әлеуметтік дәрі»
Сурет: Live.mts.ru

Театр - Паркинсон дертіне шалдыққан адамдар үшін пайдалы екені белгілі болды. Испаниялық ғалымдар театрлық қойылымдарға қатысу науқастардың эмоционалды жағдайын айтарлықтай жақсартатынын дәлелдеді. Бұл зерттеу Arts & Health журналында жарияланды.

Каталония университеті мен Барселонадағы Сант-Пау госпиталінің мамандары 50-75 жас аралығындағы 34 адамды екі топқа бөліп, үш айлық тәжірибе жүргізді. Бір топ театрға барып, қойылымдар мен шеберлік сағаттарына қатысса, екінші топ үйде когнитивті жаттығулармен шектелді.

Нәтижесінде, театрға барған қатысушыларда мазасыздық пен күйзеліс деңгейі төмендеп, оқшаулану сезімі азайған. Олар күнделікті өмірге деген сенімділіктің артқанын да байқаған.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай оң өзгерістерге бірлескен жұмыс, эмоцияны еркін білдіру және науқастың өзін топтың бір мүшесі ретінде сезінуіне ықпал еткен. Тіпті бір рет театр сабағына қатысудың өзі эмоционалдық шиеленісті жеңілдетуге септігін тигізген.

Бұл зерттеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2019 жылы айтқан ұсынысын растайды. Өнерді аурумен күрестегі «әлеуметтік дәрі» ретінде қолдану керектігі осыдан бірнеше жыл бұрын айтылған. Әсіресе дәрі-дәрмек көмектесе алмайтын апатия мен эмоциялық оқшаулануға қарсы театр тиімді шешім бола алады.

Айта кетейік, соңғы зерттеулер Паркинсон ауруы мидың өзінен емес, бүйректен басталуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Ғалымдар α-синуклеин ақуызы алдымен бүйректе жиналып, кейін қан арқылы миға жетіп, жүйке жүйесіне зиян келтіретінін анықтаған.

Еске сала кетейік, Паркинсон ауруы – қимыл-қозғалыстың баяулауымен, бұлшықет ригидтілігімен (қатаюымен) және тыныштықтағы тремормен (діріл) көрінетін жүйке жүйесінің созылмалы дегенеративті ауруы. Ауру кезінде мидың нейрондары бұзылып, біртіндеп өле бастайды. Негізгі белгілері: қолдың дірілдеуі, қозғалыстың бәсеңдеуі, қимылдың кенет бөгеліп қалуы, ауырсыну, қозғалыс үйлесімінің нашарлауы және психикалық ауытқулар.

Ауру ақыл-естің сақталуымен қатар мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Эпидемиологиялық мәліметтерге сүйенсек, бұл дерт жер шарындағы әрбір 100 000 адамның 60-140-ында кездеседі. Жас ұлғайған сайын ауру қаупі де арта түседі. Мәселен, 60 жастан асқандардың шамамен 1%-ы осы дертпен ауырады. Ер адамдардың бұл ауруға шалдығу ықтималдығы әйелдерге қарағанда жоғары.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Паркинсон ауруы #театр #пайдасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Бүгін 10:46

Оскар-2026 жеңімпаздары жарияланды

Бүгін 09:55

«Ауыл» партиясының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалында кездесу өтті

Бүгін 09:33

Такси жүргізушілері жолаушыларға сақтандыру сатып алуға міндеттелді

Бүгін 09:25

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика