AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Бостандық ауданында биылғы бірінші жарты жылдықта...

Бостандық ауданында биылғы бірінші жарты жылдықта инвестиция 37,4%-ға, салық 21,1%-ға артты

Экономика 08.07.2025, 14:18 886 Bakyt
Бостандық ауданында биылғы бірінші жарты жылдықта инвестиция 37,4%-ға, салық 21,1%-ға артты
Алматы қаласы әкімдігі

Бостандық ауданы қала экономикасының басты қозғаушы күші болып қала береді. Биылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша аудан инвестиция, кәсіпкерлік, сауда мен салық түсімі жағынан тұрақты өсім көрсетті. Аудан инвестиция тартумен ғана шектелмей, шағын және орта бизнестің орталығы да болып қалды, деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин.

2025 жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 175,5 млрд теңгеге жеткен, бұл былтырғы осы уақытпен  салыстырғанда 37,4%-ға артық (127,7 млрд теңге). Инвестициялық саясат пен бизнес ахуалдың жақсаруының нәтижесінде осылай болды. Қазір қаладағы әрбір бесінші шағын және орта бизнес нысаны Бостандық ауданында тіркелген. Жыл басынан бері мұндай кәсіпорынның саны 5,3%-ға өсіп, 2024 жылғы 64 324-тен биыл 67 720-ға жетті.

Бөлшек саудада да едәуір өсім бар: сатылым көлемі 27,7%-ға артып, 528 млрд теңгеге жетті, өткен жылы ол 413,4 млрд теңге болған. Бөлшек сауда көлемі 6%-ға артып, 911,9 млрд теңгеге өсті (2024 жылы - 860,5 млрд теңге). Бұл өсім салықтың артуына әсер етіп, бюджетке түсетін салық 250 млрд теңгеден 302,8 млрд теңгеге дейін - 21,1%-ға артқан.

Ауданның 2025 жылға арналған бюджеті 30,1 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы бюджеттен 1 млрд теңгеге көп (29,1 млрд теңге). Барлық негізгі экономикалық көрсеткіштің өсуі Бостандық ауданының жақсы дамып келе жатқанына дәлел бола алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бостандық #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);