AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Биыл 400-ге жуық ескі үйдің  иесі жаңа пәтердің кі...

Биыл 400-ге жуық ескі үйдің  иесі жаңа пәтердің кілтін алды

Барлығы 13.10.2025, 12:50 546 Дина
Биыл 400-ге жуық ескі үйдің  иесі жаңа пәтердің кілтін алды
сурет: Алматы әкімдігі

2025 жылы тоғыз айдың ішінде Алматыда тозығы жеткен үйлердің 390 иесі жаңа, жайлы жағдай жасалған пәтерге көшті. Көшіру жұмыстарын «Алматы қаласы әкімдігінің Капиталдық құрылыс кәсіпорны» және «Алматы» ӘКК компаниясы мен инвестор «Алматы қаласының тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы – 2030» аясында жүзеге асырып отыр.

Пәтер иелері жаңа тұрғын үйді «бөлме-бөлмеге» қағидаты бойынша немесе бұрынғы мүлкінің нарық бағасына сай ақшалай өтем түрінде алды. Бағдарлама аясындағы барлық пәтер таза әрлеумен тапсырылуда. Онда интернет желісі тартылған, өрт дабылы, санитарлық жабдықтар, фаянс бұйымдары, сондай-ақ газ немесе электр плиталары орнатылған.

9 ай ішінде ең көп тұрғын Түрксіб ауданында – 127 адам, Жетісу ауданында – 107, Алмалыда – 58, Алатауда – 42, Әуезовте – 26, Медеуде – 18, Бостандық ауданында – 12 адам жаңа баспанаға көшті.

Бағдарлама аясында жыл басынан бері Алматыда 12 ескі үй бұзылды, жыл соңына дейін тағы алты нысанды сүру жоспарланған. Қоныстандыру мен сүру жұмысы тек меншік иелерінің келісімімен жүргізіледі.

Арнайы қажеттілігі бар тұрғындар үшін бірінші қабаттан немесе жеделсаты, пандусы мен кедергісіз кіру жүйесі бар үйлерден пәтерлер қарастырылған. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында каркас-қамысты құрылыстар мен сейсмикалық белсенді аймақтардағы ғимараттарды бұзуға ерекше назар аударылып отыр.

Ұсынылған нұсқалардан бас тартқан меншік иелері өз үйлерінде тұра беру құқығын сақтайды, алайда мұндай жағдайда өмір сүру тәуекелі үшін жауапкершілікті өздері көтереді.

Жыл соңына дейін Капиталдық құрылыс кәсіпорны мен инвесторлар қоныс аударған тұрғындар санын 667 адамға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

«Жаңарту бағдарламасы арқылы тұрғындардың өмір сапасының жаңа деңгейі қалыптасуда: жайлы жағдай, заманауи қалалық орта, қоғамдық кеңістік пен жаңа қызмет түрлері пайда болып отыр. Осы арқылы мегаполистің сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындар қауіпсіз әрі жайлы пәтерлерге қол жеткізіп келеді. 2030 жылға дейін тозығы жеткен үйлердің санын 1366-дан 690-ға дейін азайтып, шамамен 7 500 меншік иесін көшіру жоспарланып отыр», — деді «Капиталдық құрылыс кәсіпорнының» басқарма төрағасы Ринат Құрманов.

«Алматы қаласының тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы – 2030» жобасын қала әкімдігі әзірлеп, 2024 жылдың қарашасында мәслихат бекіткен. Бағдарламаның әкімшісі – «Алматы» ӘКК» АҚ, ал уәкілетті ұйым – «Алматы қаласы әкімдігінің Капиталдық құрылыс кәсіпорны» ЖШС.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика