AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы студенттер лигасының жаңа маусымы басталды

Алматы студенттер лигасының жаңа маусымы басталды

Барлығы 13.10.2025, 15:58 447 Дина
Алматы студенттер лигасының жаңа маусымы басталды
Сурет: ұйымдастырушылардан

12 қазан күні Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы Студенттер Лигасының жаңа маусымы басталды. Лига үш спорт түрін қамтиды – футбол 11х11, волейбол және баскетбол. Жарысқа қаладағы 35 жоғары оқу орнынан 108 команда қатысуда, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Футбол чемпионаты Қазақстан Футбол Федерациясының қолдауымен өтеді, ал лига жеңімпаздарына ЖОО арасындағы республикалық турнирге жолдама беріледі.

Барлық спорт түрлері бойынша қатысу толығымен тегін, ұйымдастырушылық жарналар талап етілмейді.

2025 жылғы көктемгі іріктеу лигасының (сәуір–мамыр) қорытындысы бойынша командалар спорттық дайындық деңгейіне қарай екі дивизионға бөлінді. 2025–2026 маусымы айналым жүйесімен өтеді – әр команда өз дивизионында барлық қарсыластармен кездеседі.

Чемпионат екі кезеңге бөлінген:

Күзгі кезең – 2025 ж. қазан–желтоқсан айлары;

Көктемгі кезең – 2026 ж. ақпан–мамыр айлары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі кезеңнің нәтижесі бойынша жинаған ұпай санына қарай анықталады.

Жарысты ұйымдастыру және үйлестіру үшін сандық платформалар қолданылады:

asvl.kz — волейбол

asfl.kz — футбол

asbl.kz — баскетбол

Бұл жүйелер командаларға онлайн тіркелуге, жарыс кестесін құруға, құрамдар мен турнир кестесін бақылауға, сондай-ақ нақты уақыт режимінде статистиканы жүргізуге мүмкіндік береді.

Матчтардың өту барысын салалық спорт федерацияларының төрешілері қамтамасыз етеді, сондай-ақ ережелердің сақталуын бақылайтын Тәртіптік комитет жұмыс істейді.

Барлық ойындар YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі: youtube.com/@asl-2025.

Алматы Студенттер Лигасының құрылуы – бұл жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, жоғары оқу орындары арасындағы бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жүйелі қадам.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика