Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Жолақысы - 500 теңге". Газ бағасын өсіруді ұсынға...

"Жолақысы - 500 теңге". Газ бағасын өсіруді ұсынған Байділдинов тағы сынға қалды

Оқиға 13.10.2025, 12:41 569
"Жолақысы - 500 теңге". Газ бағасын өсіруді ұсынған Байділдинов тағы сынға қалды
Сурет: aqshamnews.kz коллажы

Қазақстанның Энергетика министрлігі автобустарда жол ақы тарифін қымбаттатуды ұсынған сарапшы Олжас Байділдиновтың пікіріне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

"Жолақы 500 теңге болуға тиіс"

Сарапшы өз Telegram-арнасында тасымалдаушыларға берілетін мемлекеттік субсидиялар туралы ой қозғады. 

"Астанада және Алматыда жолақы 500 теңге болуға тиіс (мәслихат сессияларында бұған дейін 450 теңге деген нақты емес баға аталған). Тек Алматының өзінде өткен жылы автобус тасымалдарын субсидиялауға 200 млн доллар бөлінді. Қызмет сапасын көріп отырсыздар ма? Бұл салада нарықтық бағалар мен ашық бәсеке қажет. Пайдаланушылар қашықтыққа байланысты әртүрлі баға төлеуге тиіс. Нарыққа жат әрі ашық емес субсидияларды автобус парктерінен алып, бағаларды нарыққа жіберуді ұсынамын", – деп жазды Байділдинов.

Энергетика министрлігі не дейді?

Байділдиновтың жазбасы бірқатар БАҚ-та тарап, жұрттың наразылығын тудырды. 

Ол кейбір ақпараттарда Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде көрсетілген. Осыған байланысты ведомство мәлімдеме жасады. 

"Олжас Байділдинов ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі емес. Оның қоғамдық көлік қызметтері тарифтерін қалыптастыру мәселелері бойынша айтқан пікірлері жеке көзқарасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми ұстанымын білдірмейді", – деп мәлімдеді министрлік.

Ведомство қоғамдық көлік қызметтері тарифтерін қалыптастырумен Энергетика министрлігі емес, әкімдіктер айналысатынын еске салды.

Олжас Байділдинов туралы не белгілі?

Сенат сайтындағы мәлімет бойынша,  Байділдинов - Аlmex Рolymer ЖШС-нің бас директоры. 

2020 жылы қоғам қайраткері Олжас Байділдинов «Адалдық Алаңының» жобалық кеңсесінің жетекшісі - ҚР Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Ал Энергетика министрлігінің мәліметінше, Олжас Байділдиновтің Энергетика министрлігінің құрылымдарында, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында, банк саласында тәжірибесі бар, мұнай сервисі саласында өзінің бизнесін дамытумен айналысқан, 2016 жылдан бастап Atameken Business телеарнасында «Байдильдинов. Нефть» салалық авторлық бағдарламасын жүргізеді, әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандық мұнай-газ секторының дамуы туралы талдамалық материалдар жариялайды.

Олжас Байділденов Instagram-дағы парақшасында өзін Алмэкс Жобасының басшысы, Самұрық-Қазына қоғамдық кеңесінің, Сенат жанындағы сарапшылар клубының, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кеңесінің мүшесі мүшесі ретінде таныстырған. Қазір оның инстадағы парақшасы жабық тұр.

Еске салайық, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Байділденов газ бағасын өсіруді талап еткен еді. Қымбатшылыққа наразылық білдірген халыққа сарапшы автобуспен жүруге кеңес берген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Газ бағасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі