Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Жеке қауіпсіздік сабақтары" атты қалалық семинар-...

"Жеке қауіпсіздік сабақтары" атты қалалық семинар-практикум

Барлығы 13.10.2025, 10:50 563
"Жеке қауіпсіздік сабақтары" атты қалалық семинар-практикум
сурет: автордан

2025 жылдың 9 қазанда Алматы қалалық Білім басқармасының қолдауымен Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде «Жеке қауіпсіздік сабақтары» атты қалалық семинар-практикум өтті. Іс-шараны колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова Күнімай Нұрлыбаевна ұйымдастырды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Семинар-практикумның мақсаты — жасөспірімдердің әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ ерте жүктіліктің және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылау болды.

Іс-шараны Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұябаева Гүлзира Жақсылықовна  ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Алматы қалалық Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Смағұлова Гүлхан Әлімхановна алғыс сөзін білдірді.

Семинарға Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Бейсенова Зарина Нұрбаевна, Төтенше жағдайлар департаментінің инженері, аға лейтенанты Тойболдин Ернұр Қайратұлы, ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінің режим бөлімінің басшысы Жұмадилов Ердоc Бағибаевич, сондай-ақ Жастар және отбасы орталығының бөлім меңгерушісі Әбдіқадырова Аякөз Дәулетханқызы қатысты.

Семинар барысында қатысушылар өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісіп, жастарға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, психолог, релив-терапевт Аганина Галина Викторовна «Көшбасшының тиімді қарым-қатынасы: тәрбие жұмысы жүйесіндегі транзакциялық талдау» тақырыбында баяндама жасады. Ал топ кураторы Мұнатаева Айгүл Амангелдиевна «Қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеудегі білім алушылар мен ата-аналардың рөлі» атты тақырыпта құнды ақпарат ұсынды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Қонақтар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сонымен қатар семинар бағдарламасы аясында қатысушылардың көңілін көтеру мақсатында театр жетекшілері Баймуратова Әсемгүл Керімбаевна және Әділбек Ұлжан Бектемірқызының жетекшілігімен «Баланың құқықтары мен міндеттері: заңды көзқарас және қоғамдағы жағдай» атты сахналық көрініс қойылды.

Көрермендер колледж студенттерінің би өнерін тамашалап, жағымды әсермен тарасты. Семинар соңында қатысушылар осындай мазмұнды іс-шаралардың жастардың қауіпсіздік мәдениетін арттырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

 

Алматы сән және қызмет көрсету

саласының педагог-психологі Шолпанбаева С.Н.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сән
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі