AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тізімде "Тредс" бар ма? Қазақстандық жастар ең жиі...

Тізімде "Тредс" бар ма? Қазақстандық жастар ең жиі қолданатын желі белгілі болды

Мұны білген жөн 13.10.2025, 10:09 579 Дина
Тізімде "Тредс" бар ма? Қазақстандық жастар ең жиі қолданатын желі белгілі болды
сурет: istockphoto.com

Қазақстандағы жастар арасында ең танымал әлеуметтік желі белгілі болды. Сауалнамаға қатысқандардың 66,2 пайызы оларды тұрақты қолданатынын мойындаған, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Energyprom.kz мониторингтік агенттік дерегіне сілтеме жасап.

Платформалар арасында көшбасшы - WhatsApp: респонденттердің 89,4 пайызы аталмыш желіні белсенді пайдаланады. Екінші орында - Instagram (79,8%), үшінші - TikTok (63,9%). Сирек таңдалатындары - Telegram (24,6%), Facebook (9,1%) және "ВКонтакте" (4,7%).

Қазақстандық жастар желіден көбіне ақпараттық контентті (69,2%) және ойын-сауық видеоларын (60,6%) көреді. 14–18 жастағылар роликтер мен мемдерге көбірек қызықса, 19–23 жастағылар жаңалықтарды жиірек таңдайды, ал 28 жасқа дейінгі аға буын жарнамалық және тартушы контентке бейім.

DataReportal дерегі бойынша, 2025 жылдың басында Қазақстанда интернет қолданушыларының саны 19,2 млн адамға жетіп, халықтың жалпы санының 92,9 пайызына тең болды.

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтарында елде әлеуметтік желілердің 15,7 млн қолданушысы тіркелді (халықтың 75,7%). ҚР-дағы әлеуметтік желі қолданушыларының жалпы саны 2024 жылдың басынан 2025 жылдың басына дейін 11,2 пайызға (немесе 1,6 млн адамға) өскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желі #Әлеуметтік желі #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);