Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Павел Дуровтың Көлсайда шомылуы: ІІМ материалдарды...

Павел Дуровтың Көлсайда шомылуы: ІІМ материалдарды өзге ведомствоға жолдады

Барлығы 13.10.2025, 11:03 355
Павел Дуровтың Көлсайда шомылуы: ІІМ материалдарды өзге ведомствоға жолдады
сурет: видео кадры

Ішкі істер министрлігі Павел Дуровтың Көлсай көлінде шомылуына байланысты жауапкершілік мәселесін Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі шешетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Не жағдай болды?

"ВКонтакте" мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Көлсайда суға шомылып, желі қолданушыларының  наразылығын тудырған видео жариялады. "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде бұл суда шомылуға тыйым салынғаны айтылып, қызметтік тексеріс басталғаны хабарланды.

Ұлттық парктің табиғи кешендерді қорғау және көбейту бөлімінде белгіленген ережелерді бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғаны, 2025 жылы оның көлемі 39 320 теңге екенін аталды.

ІІМ не дейді?

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк тыйым салынған аймақтағы шомылуға қатысты жағдайды түсіндіріп, бұл мәселе бойынша жауапкершілікті Экология министрлігі айқындайтынын мәлімдеді.

"Тыйым салынған аймақта шомылу ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған жағдай. Осы аймақта шомылуға қатысты жауапкершілік, сондай-ақ хаттама жасау және айыппұл салу Экология министрлігінің құзыретіне жатады. Біз тиісті материалды тіркеп, ведомстволық әрекет бойынша жібердік. Қазір олар істі қарап жатыр", - деді Алексей Милюк.

Оның айтуынша, ІІМ қызметкерлері бұл факті бойынша әкімшілік материалдар рәсімдемеген, тек БАҚ-та жарияланған мәліметтерді жинап, экологиялық ведомствоға жолдаған.

"Біздің құзырет - қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі, балық және орман шаруашылығы мәселелері. Әр мемлекеттік органның әкімшілік хаттама жасау бойынша өз құзыреті бар. Бұл жағдайда құзырет экологиялық органдарға тиесілі", - деп нақтылады ол.

Айыппұл мөлшеріне қатысты ІІМ өкілі бәрі құқықбұзушылықтың саралануына байланысты болатынын айтты: "Қалай сараланатынын қарау керек. Ең төмені - ескертуден, қателеспесем, 10 АЕК-ке дейін болады", - деді маман.

Еске салайық, бұған дейін Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көлінде суға түскен видеосын жариялаған еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павел Дуров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі