Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайрат - Пафос" матчі. Билеттер сатылымына қатыст...

"Қайрат - Пафос" матчі. Билеттер сатылымына қатысты тың дерек шықты

Спорт 13.10.2025, 11:50 561
"Қайрат - Пафос" матчі. Билеттер сатылымына қатысты тың дерек шықты
сурет: ticketonkz

"Қайрат" футбол клубының ЧЛ-дағы үшінш матчі кипрлік "Пафос" клубына қарсы 21 қазанда өтпек. Аталмыш ойынның билеттеріне қатысты жаңа мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Клуб пен ресми серіктестер таратқан ақпаратқа сүйенсек, сатылым тәртібі мен шектеулер мынадай:

Билеттер қашан сатылып бастайды?

  • Билеттер сатылымы: 13 қазан, 12:30.
  • Матч өтетін күн мен орын: 21 қазан, 21:45, Орталық стадион (Алматы). Чемпиондар лигасының аясындағы матч.

Қайдан сатып алуға болады?

  • Билеттер тек ресми арналарда қолжетімді:
    • Freedom SuperApp
    • Qairat SuperApp
  • Басқа платформалар мен қайта сату сайттарынан алынған билеттердің жарамдылығына клуб жауап бермейді.

Күту бөлмесі (waiting room) қалай жұмыс істейді?

  • Пайдаланушылар саны көп болған жағдайда жүйе сізді автоматты түрде «күту бөлмесіне» бағыттайды.
  • Терезені жаппай, ашық күйде сақтаңыз. Сіздің кезегіңіз жақындағанда билет сатып алу беті өздігінен ашылады.
  • Егер бетті кездейсоқ жауып алсаңыз, жүйе сіздің кезегіңізді 10 минутқа дейін сақтайды. Осы уақыт ішінде қайта кірсеңіз, орныңыз жоғалмайды.

Бір пайдаланушы қанша билет ала алады?

  • Бір қолданушы (бір телефон нөмірі және бір банк картасы) бір матчқа ең көбі екі билет сатып ала алады.
  • Сатып алу кезінде ЖСН немесе паспорт деректері енгізіледі. Әр билет нақты адамның ЖСН-іне тіркеледі.

Екі билетті бір ЖСН-мен рәсімдеуге бола ма?

  • Жоқ. Әр билет жеке ЖСН-ге байланады. Екі билет алсаңыз, екеуіне де тиісті адамдардың деректері қажет.

Маңызды кеңестер

  • Қосымшаны алдын ала жаңартып алыңыз, банк картасы мен интернет байланысын тексеріңіз.
  • Күту бөлмесінде тұрған кезде бетті жаңартпаңыз және қолданбаны жаппаңыз.
  • Сатып алу аяқталған соң, билеттің QR-кодын және тапсырыс нөмірін қауіпсіз жерде сақтаңыз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі