Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы а...

Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды

Барлығы 13.10.2025, 15:31 437
Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды
сурет: Сәтбаев университеті

Сәтбаев университетінде университеттің ұстазы, Білім беру саласының үздігі төс белгісінің иегері, Қазақстан инженерлік мектебінің көрнекті өкілі Жәмиға Орманованың құрметіне арналған аудитория ашылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Салтанатты шараға оның туған-туыстары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Аудиторияның ашылу салтанатында университет ректоры Мейрам Бегентаев сөз сөйлеп, осы істі жүзеге асыруға атсалысқан барлық жандарға алғыс білдірді:

"Жәмиға Орманова атындағы аудиторияны аша отырып, біз ұрпақтар сабақтастығын жалғастырамыз, әрі өзінің мамандығына деген адалдығымен ерекшеленген ұлы тұлғаны қазіргі студенттерге үлгі етіп көрсетеміз. Осы аудиторияда білім алатын әрбір студент Жәмиға Ормановадан өнеге алып, адамгершілік пен адал еңбекке талпынады деп сенемін", – деді ректор.

Жәмиға Ғалиқызы Орманова – тау-кен инженері, маркшейдер, белгілі жазушы, журналист әрі аудармашы Ғали Ормановтың қызы. Ол өмірінің қырық жылдан астам уақытын Сәтбаев университетіне арнады. 

1954 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын аяқтап, осы жерде аспирантураны да тәмамдады, сөйтіп өзі оқыған оқу орнында ұстаздық етуді, шәкірт тәрбиелеуді және ғылыми зерттеумен шұғылдануды өмірлік жолы ретінде таңдады. Ол «Геодезия», «Маркшейдерлік ісі», «Тау-кен жұмыстарының әсерінен жер қыртысының және жер бетінің ығысуы», «Топографиялық және маркшейдерлік сызу» пәндерінің білікті оқытушысы ретінде студенттердің есінде сақталып қалды.

Сонымен қатар Жәмиға Орманова кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына да белсене араласып, Қарағанды көмір бассейні мен Текелі қорғасын-мырыш комбинатындағы жер қыртысының ығысу үдерістерін зерттеді. Оның көпжылдық жұмысының нәтижесі ретінде 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.

Алайда оның ең басты қасиеті – студенттердің бойында ғылым мен мамандыққа деген қызығушылықты оята білуі еді. Оның шәкірттері сүйікті ұстаздарын ешқашан ұмытқан емес, үнемі хал-жағдайын біліп, қонаққа келіп, түлектер кездесулеріне шақырып жүрді.

Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ұлықпан Сыдықов, техникалық ғылымдар докторы, профессор Нұрпейісова Маржан,  жазушы, халықаралық алаш сыйлығының иегері Мағира Қожахметова, жиен немересі Айдар Қырықбайұлы және профессор, шәкірттері қатысты. 

Сондықтан да Жәмиға Ғалиқызы атындағы аудиторияның ашылуы бүкіл университет үшін маңызды оқиға болмақ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аудитория
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі