Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр? ІІМ жауап берд...

Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр? ІІМ жауап берді

Заң мен тəртіп 13.10.2025, 14:49 408
Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр? ІІМ жауап берді
Сурет: ҚР Жоғарғы соты

Ішкі істер министрінің орынбасары, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеу тәртібі жайлы айтты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Абай Қайырбековтың сөзінше, Бишімбаев түзеу мекемесінде "басқа сотталғандармен бірдей жағдайда" отыр.

"Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талаптарына сай, өзге сотталғандармен тең негізде жазасын өтеп жатыр", - деді ҚАЖК төрағасы.

Экс-министрдің еңбекке орналасуы мен табысына қатысты сұраққа вице-министр бұл мәліметтер жеке деректер санатына жататынын айтып, туыстары мен адвокаттарына ғана берілетінін жеткізді.

"Жалпы айтарым: біздің мекемелерде сотталғандардың шамамен жартысы еңбекке тартылған. Биыл жұмыспен қамтылғандар санын 3 мың адамға арттырдық, бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді ол.

Журналистердің "Бишімбаев жеке камерада отыр ма?" деген сауалына Қайырбеков:

"Айтқанымдай, ол жалпы негізде, басқа сотталғандармен бірге жазасын өтеп жатыр. Аталған сотталғанға қандай да бір ерекше жағдай, жеңілдік немесе арнайы талап қарастырылмаған", - деп жауап берді.

Еске салайық, өткен жылғы 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев жұбайын азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуандық Бишімбаев #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі