Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда кафе мен клубтарда алкоголь сату уақыт...

Қазақстанда кафе мен клубтарда алкоголь сату уақытын шектеу ұсынылды

Мұны білген жөн 13.10.2025, 11:38 604
Қазақстанда кафе мен клубтарда алкоголь сату уақытын шектеу ұсынылды
Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда түнгі көңіл көтеру орындарында спирттік ішімдіктерді сату уақытын шектеу және олардың саудасына қосымша бақылау шараларын енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі ІІМ басшысы Ержан Сәденовтің бастамасына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, жыл сайын мас күйдегі адамдардың қатысуымен 10 мыңға жуық қылмыс жасалады.

"Біз профилактикалық шаралар қабылдап жүрміз: мас күйінде ішімдік ішу фактілерінің жолын кесеміз, қоғамдық орындардан мас адамдарды оқшаулаймыз, есептегі азаматтарға алкоголь тұтынуға тыйым саламыз. Алайда бұл салдармен күрес қана", - деді Сәденов дүйсенбі күні ІІМ-де өткен Мәжілістің көшпелі үкіметтік сағатында.

Ол полицейлардың өкілеттігі көбіне мәжбүрлеу шараларымен шектелетінін атап өтті.

"Пайда үшін кей кәсіпкерлер спирттік ішімдіктерді сату бойынша жас шектеулерін және уақыт режимін бұзады, кафе-бар бүркеншігімен тәулік бойы саудалайды, онлайн жеткізуді белсенді қолданады. Бұл ретте лицензиядан айыру шарасы тиімсіз: келесі күні басқа тұлғаларға рәсімдеп алады", - деп түсіндірді министр.

ІІМ әзірлеген ұсыныстар ведомствоаралық комиссия отырысында қаралған. Атап айтқанда, мынадай шаралар ұсынылады:

  • Алкогольді бөлшек сауданы тек мамандандырылған дүкендерде алкомаркеттерде ғана рұқсат ету;
  • Лицензия беру талаптарын қатаңдату, соның ішінде оларды лимиттеу;
  • Алкогольдің онлайн-саудасына толықтай тыйым салу.

Бұған қоса, ведомство ойын-сауық орындарында спирттік ішімдіктерді сату уақытын шектеуді қажет деп санайды.

"Мұндай орындарда мас күйінде 1 400-ден астам қылмыс жасалды, оның ішінде үш кісі өлімі бар. Дегенмен, бүгін кей мемлекеттік органдар бұл тәсілдерді қолдамайды. Меніңше, ең алдымен азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтаудың мүддесі басым болуға тиіс", - деп түйіндеді Ержан Сәденов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алкоголь #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі