Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты...

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Саясат 13.10.2025, 15:02 511
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
сурет: Ақорда

Президентке Мәжілістің ағымдағы қызметі туралы баяндалды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, депутаттар Мемлекет басшысының елді дамыту жөніндегі Жолдаулары мен тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге баса мән беріп отыр.

Қазіргі таңда 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданды, Палатаның қарауында 77 заң жобасы бар. Биылғы жылдың аяғына дейін Құрылыс және Цифрлық кодекстер, сондай-ақ "Банк қызметі туралы" заңды қабылдау жоспарланған. Сонымен бірге сайлау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы заң жобалары пысықталып жатыр. 

Депутаттар жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы заңнамаға түзетулер енгізуге, сондай-ақ креативті индустрия, ғылыми зерттеу аумақтарын дамыту, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, бағбандық шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік қолдау бойынша заң жобаларына бастамашы болды. 

Заң шығару жұмысы жұртшылықтың, сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық жүргізілуде. Барлық саяси партиялардың фракциялары өз электоратының сұранысына сәйкес ұсыныстарын белсенді түрде енгізіп жатыр. Маңызды заң жобалары Қоғамдық палатаның отырыстарында қаралады.

Мемлекет басшысының Жасанды интеллектіге қатысты бастамаларын іске асыруға белсенді атсалысып келе жатқанын айтты. Қыркүйек айының соңында Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылдап, Сенатқа жолдады. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен парламенттік тыңдау өткізілді. 

Депутаттардың және Энергетика министрлігінің бастамасымен Ақтауда мұнай-газ саласындағы машина жасау ісін дамыту форумы өтті. Мұнай-газ секторындағы сатып алуларда қазақстандық үлесті жүйелі түрде арттыру жайлы шешім қабылданды. Депутаттар мұны ұдайы бақылауда ұстайды.

Елімізге Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының және Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағалары ресми сапармен келді. Көптеген елдің парламенттерімен достық топтары белсене қызмет атқаруда, заң шығару саласында тәжірибе алмасу жолға қойылған және мемлекетаралық жобаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Депутаттар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТүркПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және басқа да көпжақты ұйымдар аясында табысты қызмет атқарып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #Ерлан Қошанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі