конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Бауырыма басқан "бөлегім". Тамара Асар өгей ұлыны...

"Бауырыма басқан "бөлегім". Тамара Асар өгей ұлының қазасын жоқтап, көпті жылатты

Мәдениет 13.10.2025, 16:33 1,075
"Бауырыма басқан "бөлегім". Тамара Асар өгей ұлының қазасын жоқтап, көпті жылатты
Сурет: ашық дереккөз

Белгілі әнші Тамара Асар өгей ұлы Әлішердің қазасына арнап жүрекжарды өлең жариялап, қалың жұртты жылатты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. Өлең жолдарын өнерпаз Instagram парақшасында жариялады.

Пост астындағы пікірлер бөлімінде мыңдаған адам қайғыға ортақтасып, көңіл айтып жатыр. 

"Өндірдей болған өренім
Бауырыма басқан “БӨЛЕГІМ”
Құлағыңа сенің жетті ме,
Қапыда шыққан өлеңім…

Жұртшылық келдің жиылып,
Жұбатып жаттың қиылып.
Жұмаштың парлап көз жасы
Жүрегіме толды-ау құйылып.

Әлішер кеттің шалғайға,
Сен қайда бүгін, мен қайда?
Торқадай болып топырағың,
Иманың жолдас болғай да.

Дұғада күнде отырмын
Талай да әлі оқырмын.
Қаңқу сөз “ӨГЕЙ” десе де
Қайырын сұрап отырмын", - деген өлең жолдарын жариялады ол. Сонымен қатар қолдау білдірген жандарға алғысын айтты. 

"Қиындықта қасымызда болып,алыстан-жақыннан көңіл айтып,қиындық бөліскен әрбір жанға бас иіп,рахметімізді айтамыз. Алланың ісіне шара жоқ,артының қайырын сұраймыз.  Құдайдан үмітіміз бар. Жақсы күндер көп болсын. Жастар аман болсын",- деп жазды Тамар Асар. 

Еске салайық, әнші Тамара Асардың жолдасы Жұмаш мырзаның алғашқы некесінен туған ұлы Әлішер (22 жаста) Ақтөбеде досының үйлену тойына барған кезде көлік қағып, қаза тапқан болатын. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тамара Асар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Донат пен хайп үшін шектен шыққан 9 стример жазаланды

Бүгін 14:56

Алматыда Recycle Бірге акциясы аясында 430 сынапты шам жиналды

Бүгін 14:47

Елорданың Орталық саябағында тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша кезекті рейд өтті

Бүгін 14:12

Қазақстанда борышкердің банкпен келісімге келуі жеңілдейді

Бүгін 12:59

Алматыда әлеуметтік төлем мен жәрдемақы алатындар саны 692 мыңға жуықтады

Бүгін 12:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);