Алматыда көріктендіру, инженерлік жұмыстар және баға тұрақтылығы мәселелері талқыланды

  • 16:53, 13 қазан 2025
Алматыда көріктендіру, инженерлік жұмыстар және баға тұрақтылығы мәселелері талқыланды сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы, көріктендіру және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылау мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қала қызметтері мен басқарма басшылары қатысқан кеңес өтті. Онда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру, абаттандыруды қалпына келтіру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Экономика және қаржы басқармасының дерегінше, 2025 жылдың басынан бері Алматының жергілікті бюджетінің кіріс бөлігі 1,6 трлн теңгеге жетіп, жылдық жоспардың 87,4% орындалды. Бұл көрсеткіш мегаполистің экономикалық өсімінің тұрақты қарқынын және бюджет саясатының тиімді іске асырылып жатқанын көрсетеді. Қаражат инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар құрылысы мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды қамтитын 600-ден астам инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалып отыр.

Дархан Сатыбалды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторингті күшейтуді және қаланың азық-түлік нарығындағы жағдайды бақылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды. Ол баға тұрақтылығы тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап, бұл бағыттағы жұмысты жүйелі және тұрақты жүргізу қажеттігін айтты.

Кеңес барысында «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жер қазу жұмысы жүргізілген аумақтарды қалпына келтіру туралы есеп берді. Жыл басынан бері қалада 2,5 мыңнан астам қазу жұмысы тіркеліп, олардың 90%-дан астамы толық қалпына келтірілді. Қалған аумақтарда абаттандыру жұмысы аяқталып келеді. Әсіресе, жабын сапасы мен аумақты бастапқы қалпына келтіруге баса назар аударылып отыр. 

Қала әкімі аппаратының мәліметінше, Алматыда құрылыс-монтаж және қалпына келтіру жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізу жүйесі енгізілген. Арнайы мобильді топтар нысандарды аралап, абаттандырудың жай-күйін тіркейді және анықталған кемшіліктің жедел жойылуын қамтамасыз етеді.

Алматыда жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын. Ауланы абаттандыруға, жол жөндеуге және қолайлы қоғамдық кеңістіктер құруға ерекше мән беріліп отыр. Ірі жобалардың қатарында – Есентай өзенінің жағалауын қайта жаңғырту және Бас ботаникалық бақ аумағын жаңарту бар.

Қалада жүзден астам инфрақұрылымдық және әлеуметтік жоба қолға алынған, олардың дені аяқталды. Бұл жұмыстар білім беру, денсаулық сақтау, инженерлік желілер және ауланы абаттандыру бағытында жалғасып жатыр. Инженерлік инфрақұрылым қарқынды дамып келеді, жаңа мектептер, спорт және әлеуметтік нысандар салынып, көлік қолжетімділігін арттыру және коммуналдық жүйелерді жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. 

Дархан Сатыбалды аудан әкімдері мен қала басқармалары басшыларына жер қазу жұмысы жүргізілген аумақтарды қалпына келтіру қарқынын жеделдетіп, барлық жұмысты күн суытқанға дейін аяқтауды тапсырды. Ол әрбір аумақ жұмыстан кейін бастапқы қалпына келтірілуге тиіс екенін атап, абаттандыру сапасына бақылауды күшейтуді міндеттеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:55

17:22

17:08

16:53

16:33

16:15

15:58

15:31

15:11

15:02

14:49

14:39

14:08

12:50

12:41

12:23

12:09

11:50

11:38

11:24

11:03

10:50

10:33

10:24

10:09