Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жатыр мойны обырын ерте емдеу сауығуға кепілдік бе...

Жатыр мойны обырын ерте емдеу сауығуға кепілдік береді

Әлеумет 04.03.2024, 10:42 1,233
Жатыр мойны обырын ерте емдеу сауығуға кепілдік береді
Almaty-akshamy.kz

Ауруды ерте анықтау толық қалпына келу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы онкологиялық орталығының сарапшылары хабарлады. 


«Адам папиллома вирусы жатыр мойны обырының қауіп факторларына жатады. Сондықтан жатыр мойны обырының алдын алу және ерте диагностикасы ерекше маңызды. Жатыр мойны обырының алдын алудың негізгі әдісі АПВ-ға қарсы вакцинация болып табылады», - деп атап өтті Алматы Онкологиялық орталығы директорының орынбасары Алия Турешева.


Сарапшы жатыр мойны обырын ерте анықтау мақсатында республикада 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерді 4 жылда 1 рет кезеңділікпен скринингтік тексерулер жүргізілетінін атап өтті.


Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында жатыр мойны обырының 223 жағдайы анықталды (есепке алынған барлық онкологиялық науқастардың 4,1%), оның ішінде ерте сатысында – 142. Барлығы ЖМО бар 2522 әйел есепте тұр.


«Скринингтік тексерулер кезінде 38 жағдай анықталды, барлығы 0-1 кезеңде. Осы кезеңдердегі мамандандырылған емдеу толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы халқының онкологиялық ауруларына қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде 11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізілетін болады», - деп бөлісті ол. 


Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, А. Турешева ересек жаста вакцинация да тиімді болуы мүмкін екенін атап өтті: ол адамды әлі ұшыраспаған АПВ түрлерінен қорғай алады.


«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 26 жасқа дейінгі адамдарға вакцинациялауды ұсынады. Кейбір жағдайларда дәрігер АҚШ-тағы сияқты екпені 46 жасқа дейін алуға кеңес бере алады. Бірақ алдымен сіздің денеңізде вирус бар-жоғын тексеріп, теріс нәтиже болған жағдайда вакцинациялау керек. Сіз бұл инфекцияның тасымалдаушысы емес екеніңізге және ауырмайтыныңызға сенімді болуыңыз керек», - деді спикер. 


Брифингке қатысқан Алматы онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекова да вакцинациялаудың маңыздылығын атап өтті.


«Вакцинаның әсер ету ұзақтығы иммуногенділік деп аталады. Көптеген зерттеулерге сәйкес иммуногенділік вакцинациядан кейін 8 жылдан 10 жылға дейін сақталады. Сол зерттеушілердің айтуынша, ауқымды иммундаудан кейін ревакцинация қажет емес екенін білеміз», - деп қорытындылады ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика