Нұрлыбек Нәлібаев Астананың медициналық инфрақұрылымын дамыту жобаларымен танысты
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Астанадағы медициналық нысандардың құрылыс барысымен танысты. Мемлекет басшысы елордадағы демографияны ескеріп, оның қарқынына ілесу үшін медицина инфрақұрылымын дамытуды, медициналық қызметті сапалы, қолжетімді етуді тапсырған болатын.