Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына ша...

Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады

Не? Қайда? Қашан? 28.11.2024, 22:01 1,097
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Суреттерді түсірген - Кайрат Қоныспаев

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасына арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 29-30 қараша және 1 желтоқсан күні өнер сүйер қауымға Алтын Орда­ның негізін қалаған Жошы хан­ның есімін ұлықтау және Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толуына орай «Хан Сұл­тан. Алтын Орда» опералық спек­таклін ұсынады. 

Іс-шараға жаңа операның қо­йылуына атсалысқан тұлғалар – Абай атындағы ҚазҰОБТ дирек­торы Айнұр Көпбасарова, Абай атындағы ҚазҰОБТ бас дирижері Нұржан Байбосынов, қоюшы-ре­жиссер Давиде Ливермор, компо­зитор Хамит Шанғалиев, либрет­то авторы Маралтай Ыбыраев, костюм жөніндегі бас суретші Айнұр Ерімбетова, Абай атында­ғы ҚазҰОБТ опера труппасының көркемдік жетекшісі Болат Бөке­нов, балетмейстер Әсем Әбдибе­кова және Абай атындағы Қаз­ҰОБТ бас хормейстерi Әлия Темірбекова қатысты.

– Осы операны қоюды алғаш режиссерға ұсынғанда тарихын тереңнен тартқан Жошы ұлы­сын, бай салт-дәстүрімізді, хал­қымызға тән қасиетті, адами құндылықты, отбасы тәрбиесі мен әйелдің қоғамдағы рөлін баса көрсетуді ұсындым. Мыса­лы, Хан Сұлтан сонау Шыңғыс хан билеп-төстеген заманда Ұлы Дала қызына тән батылдығымен, еркіндігімен, Ресей князьдері­мен дипломатиялық қарым-қа­тынас жүргізген қабілетімен та­рихта қалған. Осындай түркі әлемінің аналарын бүгінгі ұрпақ­қа насихаттау үшін, бір жағы оларға әділ баға беру үшін біз Ұлы даланың қайсар қыздарын сахналауды жалғастыра беруіміз керек деп ойлаймын, – деді осы қойылымның идея авторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера  және балет театрының директо­ры Айнұр Көпбасарова. 

Ал опера композиторы Хамит Шанғалиев дайындық жұмыста­ры кезінде көп ізденгенін атап өтті.

– Мен операны жазу бары­сында көп оқып, көп іздендім. Әр жаңа дерекпен танысып, көбірек оқыған сайын мен үшін қойы­лымдағы кейіпкерлердің мінез- құлықтары мен тұлғалық образ­дары пайда бола бастады. Сөйтіп, музыкамыз жақсара берді, әр кейіпкерге сәйкес әуенді үй­лестірдік. Қойылымның қанша­лықты бағалы екені уақыт өткен кезде түсінікті болады деп ойлай­мын, – деді композитор Хамит Шанғалиев.

Айта кеткен жөн, операның бас кейіпкері Хан Сұлтан – Ұлыстың негізін қалаушы Жошы ханның үшінші әйелі, Алтын Орданың ұлы билеушілерінің бірі – Берке ханның анасы. Тарих­та Хан Сұлтан туралы қалған азда­ған деректің өзі бүгінгі зерттеуші­лер мен көркем шығармашылық өкілдері үшін баға жетпес қазына. Хан Сұлтан бейнесі – өзінің ерек­ше тағдырымен де қымбат тұлға. Опера Шыңғыс ханның мұсыл­ман әлемінің үлкен мәдениет ошағы, түркілердің құрған үлкен саяси бірлестігі Хорезмшах мем­лекетін жаулау кезеңінен баста­лып, Алтын Орданың алғаш қа­лыптаса бастаған кезімен аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#хан сұлтан #Жошы #алтын орда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды

Бүгін 12:18

Астанада көшеде пышақ ұстап жүгірген ер адам ұсталды

Бүгін 12:09

Қазақстанда ақшаны қалай тиімді жинауға болады: депозит, инвестиция және халал қаржы жолдары

Бүгін 12:00

Әлемдегі ең үлкен шөл Сахарада қар жауды

Бүгін 11:36

Тәуелсіз Қазақстанның 5 - референдумі

Бүгін 11:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика