AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Тұтынушы құқығы" жобасы аяқталды: 3 мыңн...

Алматыда "Тұтынушы құқығы" жобасы аяқталды: 3 мыңнан астам қала тұрғыны құқықтық кеңеспен қамтылды

Барлығы 14.10.2025, 08:30 615 Сұлу
Алматыда "Тұтынушы құқығы" жобасы аяқталды: 3 мыңнан астам қала тұрғыны құқықтық кеңеспен қамтылды
"AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанаты

Алматыда тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба өз мәресіне жетті.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының ұйымдастыруымен 2025 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында жүзеге асқан "Тұтынушылардың құқығын қорғау" жобасы табысты аяқталды.

Жоба аясында қала жастары мен тұрғындарының тұтынушылық мәдениетін қалыптастыру, заңдық білімін арттыру бағытында бірқатар кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды.

12 жоғары оқу орнында 1000-ға жуық студенттің қатысуымен ақпараттық дәрістер өтті. Лектор-заңгерлер тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктері мен заң нормаларын түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы кеңес берді.

Сонымен қатар, 50-ден астам сауда орталықтары, базарлар және қоғамдық орындарда кең ауқымды түсіндіру акциялары ұйымдастырылып, 2000-ға жуық алматылық қамтылды. Азаматтарға сапалы қызмет пен әділ сауданы талап ету жолдары түсіндірілді.

Жоба шеңберінде арнайы жедел желі жұмыс істеп, тұтынушылардан келіп түскен 150-ге жуық сауалға заңгерлік кеңес берілді. Бұған қоса, арнайы әлеуметтік бейнеролик әзірленіп, ол халыққа қызмет көрсету орталықтарында және оқу орындарында көрсетілді.

"Тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру – әділ нарық пен сапалы қызметтің басты кепілі. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады", – дейді жоба ұйымдастырушылары.

Қазанның аяғында жобаның қорытындысына арналған дөңгелек үстел өткізіліп, атқарылған жұмыстар мен ұсыныстар бойынша есептік ақпарат ұсынылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұтынушы #құқық #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика