AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады

Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады

Мәдени Алматы 28.11.2024, 19:54 852
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
Сурет: автор

Наурызбай ауданындағы Оқушылардың шығармашылық орталығында ардагерлер арасында екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған театрланған әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Аудандық Ардагерлер кеңесі осы маңызды оқиғаға орай, аумақ (округ ықшамаудандары) ардагерлер арасында көркемөнерпаздар байқауын  ұйымдастырды. Аталған шараның мақсаты – жас ұрпақты отаншылыққа рухта тәрбиелеп, ел үшін ерлікке жетелеу. Ел басына күн туған, ат ауыздығымен су ішкен сол бір сұрапыл шақта майдандағы кеңес сарбаздарының батырлығын дәріптеп, ерлігін  еске алуға арналған, түрлі қауымдастық арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған бұл сайыстың мәні басқа сайыстан өзгерек.  

Бағдарламада екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес сарбаздарының даңқына арналған, майдангерлердің жанкештілігі мен табандылығын бейнелеген, музыкалық және көркемдік нөмірлерді бейнелейтін скетчтер қойылды. Өнер байқауының соңында әділқазы алқасы бірінші жүлдеге   «Қалқаман» ықшамауданы округінің ардагерлер тобы лайықты деп шешім қабылдады. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» деген сол, тұрғыны тығыз шоғырланған аумақ өнерпаздарының өнері әділ бағаланды деп білеміз.

«Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында дайындаған мына шарамыз жас жеткіншектерге отаншыл рух, жалын-жігер береді деген ойдамыз. Елбасына күн туған сол соғыс кезіндегі майдан мен ел өмірін бейнелейтін скетч қойдық. Бас-аяғы он бес минутқа созылған уақытта көркемөнерімізді көрсеткен  аумағымыздың ардагерлері майдандағы жанкешті Жеңісті тылдағы ерен еңбектің жақындатқанын бейнелеуге тырысты. Соның нәтижесі болар, өнеріміздің бағасы ауданның 8 округі ішінен төртінші сатысынан табылды», – дейді Қарағайлы округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Желтоқсан қаһарманы Әріп Қабыланов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ардагерлер #әдеби-музыкалық кеш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика