ffin.kz

Семей полигоны зардабы 300 жылға дейін созылуы мүмкін

Семей полигоны зардабы 300 жылға дейін созылуы мүмкін Сурет: texnomaniya.ru

1949 жылдың 29 тамызында Семей өңірінде алғашқы атом бомбасы жерден 38 метр биіктікте сынақтан өтті. Бұл бомба 20 килотонналық қуатқа ие болды. Таңғы сағат 7-де жасалған бірінші жарылыстан шамамен 900 адам зардап шекті. Бұл 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдағанмен тең еді.

  • Семей ядролық сынақ полигоны 18,5 мың шаршы шақырымды құрайтын үлкен аумақты алып жатыр.
  • Сынақ кезінде полигон СССР қарулы күштері министрлігінің № 2 оқу полигоны деп аталды.
  • Семей полигоны бірнеше аймаққа бөлінген: әкімшілік-тұрмыстық аумақ Курчатов қаласында орналасқан және ол «М» алаңы немесе «Москва-400» деп аталған. Сонымен қатар, зертхана қалашығы және радиусы 10 шақырымға жететін «Сынақ даласы» бар. Бұл аумақтардың ішінде «Дегелең», «Балапан», «Телкем» секілді бөлімдері болған. Олардың бірінде жануарларға сынақ жүргізілген.
  • Семей полигонының зардабы өте ауыр болды. 1963 жылға дейін аса қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдады.
  • Полигонның 40 жылдық тарихында 498 ядролық сынақ өтті. Оның 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, ал 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған, бұл жарылыстардан 1,5 миллион адам зардап шекті.
  • Ядролық сынақтардың салдары бірнеше ұрпақ бойы сезіледі. Әртүрлі ауруларға ұшыраған адамдардың саны артып, сол аурулардың тұқым қуалау ықтималдығы жоғары.
  • Бұл ғылыми түрде дәлелденген, және оның қасіреті 300 жылға дейін созылуы мүмкін.
  • Полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып берілді, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады.
  • Сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан 2,5 есе асып түсті. Осы себепті халық ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырады.
  • Семей полигонына жақын аудандарда радиацияның әсерінен әртүрлі ауытқулармен, тәндік және естік кемшіліктермен туған сәбилер саны көп болды.
  • Мамандар бұл жағдайды қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның әсерінен болатын генетикалық мутациялармен байланыстырады.
  • 1990 жылға дейін Семей полигонының зардаптары мен аурулар мұқият жасырылып келді. Соңғы жылдары Семейдегі ядролық сынақтардың салдарынан әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1 624-ке, ақыл-ойы кем адамдардың саны 3 105-тен 4 612-ге, ал невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдардың саны 3 692-ге дейін көбейген.
  • Сынақтардан тек адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жыл сайын радионуклидтердің жиналуы жердің құнарлылығын азайтып, топырақтағы микроэлементтердің (темір, мыс, магний және т.б.) өсімдіктер арқылы адам организміне енуіне әкеледі.
  • 1970 жылға дейін зарядтар салынған штольнялар мен скважиналардың түптері мен шығар ауыздары дұрыс бетон қақпақтармен жабылмағандықтан, улы инертті газдар мен ауыр металдар жер бетіне жайылып отырды.
  • Семей полигонының зардабы тек қазақстандықтар үшін ғана емес, әлем үшін де үлкен сабақ болуы керек. Ядролық сынақтардың салдары ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, денсаулық пен қоршаған ортаға қайталанбас зиян келтірді. Семей полигонының қасіреті адамзатқа ядролық қарудың қауіптілігін еске салып, болашақта мұндай қателіктерге жол бермеудің маңыздылығын көрсетеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
4
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52