Жеңісті жақындатқан жауынгерлерге биыл қандай көмек көрсетіледі?

Жеңісті жақындатқан жауынгерлерге биыл қандай көмек көрсетіледі? Сурет: Mail.kz
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ардагерлерге 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төлеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биылғы 20 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде 120 ардагер мен жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады.

Олардың ішінде:

  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам;
  • концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам;
  • Соғыс кезінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам;
  • Соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам;
  • тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылады.

Біріншіден, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша, ардагерлердің зейнетақыларын ескере отырып, ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 262 334 теңгені және соғыс кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 279 330 теңге болды.

Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіледі. Олардың барлығы әскери қызметшілерге көрсетілетін құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, оларға Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.

Үшіншіден, ардагерлерге біржолғы материалдық көмек беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.

 

"Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне биыл 120 ардагердің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:21

13:16

12:56

12:52

12:44

12:31

12:27

12:16

12:11

11:49

11:42

11:28

11:12

10:58

09:50

09:07

08:50

08:10

19:45

19:17

18:58

18:10

17:34

17:30

16:19