Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Көмек сұрай алмау: оның астарында не жатыр?

Көмек сұрай алмау: оның астарында не жатыр?

Мұны білген жөн 14.10.2025, 09:25 459
Көмек сұрай алмау: оның астарында не жатыр?
depositphotos.com

Көп адам "көмек сұрау" әлсіздік пен осалдықтың белгісі деп ойлайды. Психолог Екатерина Тур мұның астарында не жатқанын және ішкі тосқауылды қалай еңсеруге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Бала кезден қалыптасқан ұстаным

Көпшілігіміз "Өзің істе!", "Жылама!" деген тәрбие көріп өстік. Әдетте ниеті түзу ата-ана баласының эмоциясын (реніш, қорқыныш, абдырау) ашық білдіруіне тыйым салады. Осыдан "көмек сұрау - ұят" деген сенім бекіп қалады. Есейгенде бұл әдетке айналып, мансаптың өсуіне де, бақытты болуға да кедергі жасайды:

  • адам жұмыста тапсырмаларды бөлуге қорқып, артық жұмыс істейді, нәтижесінде күйіп-жанады;
  • қарым-қатынаста айтылмаған мәселені ішіне жұтып, "идеал" болып көрінуге тырысады, бұл ақыры терең дағдарысқа әкелуі мүмкін.
  • Шынайы сезімін айта алмай, қолдау сұрай алмау - жалғыздықты әсірелейтін фактор: отбасының ортасында жүріп те, ұжымда жүріп те адам өзін жалғыз сезінгендей болады.

Ұзаққа созылған салдар

Бұл мәселе денсаулыққа зиян тигізеді. Ұйқысыздық, мазасыздық, үрей, қысымның ауытқуы, иммунитеттің төмендеуі - соның көрінісі. Эмоцияға ерік берілмесе, адам алкогольге, компульсив әдеттерге бейімделуі мүмкін. Көп жыл "өзгенің талабымен" өмір сүргенін түсінген сәт ауыр күйзеліс пен мотивацияның жоғалуына алып келеді. Тіпті инфаркт/инсульт сияқты дерттерге дейін апарады.

Қалай еңсереміз?

  • Көмекке мұқтаждық - табиғи процесс. Психологқа бару - жеңілу емес, өзіңе қамқор болу. Мамандар бала кездегі ауыр жағдайларды еңсеруге, эмоцияны реттеу дағдыларын үйретуге, шекара мен коммуникация құруға көмектеседі.
  • Аз-аздан бастаңыз: сенімді адамға ішіңіздегіні бөлісіңіз. Жұмыста өтінішті "шағым" емес, тапсырма формасында айтыңыз: "Сенің экспертизаң қажет", "Мынаны тиімдірек қалай істейміз?".
  • Эмоцияңызды тануды және атауды, сезінуді үйреніңіз. 
  • Қолдайтын ортамен көбірек араласыңыз.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#көмек #психология #салдар #қымсыну #қысылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Бүгін 13:38

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Бүгін 13:31

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі