AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Сенсация: Қазақстан мен Солтүстік Македония тең тү...

Сенсация: Қазақстан мен Солтүстік Македония тең түсті

Спорт 14.10.2025, 09:29 581 Сұлу
Сенсация: Қазақстан мен Солтүстік Македония тең түсті
Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан футбол ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінде топ көшбасшысы Солтүстік Македониямен тең түсті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Ойын 13-тен 14 қазанға қараған түні Скопьеде өтті. Бұған дейін қазақстандықтар Лихтенштейнді 4:0 есебімен ұтса, алаң иелері Бельгиямен 0:0 ойнаған.

Құрамалар:

  • Қазақстан: Сейсен (қақпашы), Вороговский, Әліп, Қасым, Қайров, Қараман, Қуат, Зайнутдинов, Кенжебек, Свиридов, Чесноков.
  • Солтүстік Македония: Димитриевски (қақпашы), Стойчевски, Велкоски, Зайков, Алиоски, Илиевски, Алими, Миовски, Барди, Эльмас, Ристовски.

Ойын барысы:
Қазақстан алғашқы минуттарда жоғары прессингпен бірнеше қауіпті сәт жасады. 33-минутта Сейсен жақын қашықтан соққыларды екі рет қайтарды, оған дейін жанкүйерлер лазермен кедергі келтірді. 

54-минутта "Жеңіс" шабуылшысы Дінмұхамед Қараман айып алаңындағы абыр-сабырда қайшылап соғып, есеп ашты - 0:1. 74-минутта алаң иелерінің капитаны Энис Барди тамаша айыппен есепті теңестірді - 1:1. Соңғы минуттарда Шушеначевтің екі мүмкіндігі голға айналмады, ал 94-минутта Әлібек Қасым допты қақпа сызығынан шығарып, есепті тең сақтады. 

Қорытынды есеп - 1:1.

Айта кетейік, матч алдында македониялықтар 6 ойыннан кейін 12 ұпаймен топты бастап тұрған. Transfermarkt бағалауынша, Солтүстік Македония құрамасының құны Қазақстаннан екі еседен аса жоғары (36 млн еуро vs 15 млн еуро). Тең нәтижеден кейін олар көшбасшылықты Бельгияға берді. Ал Астанада өткен алғашқы ойында қонақтар 0:1 есебімен ұтқан еді.

Матч алды Благоя Милевски Қазақстан құрамасының "сапалы команда" екенін атап өткен. Зайнутдинов сары қағаз алып, соңғы турда Бельгияға қарсы ойынды өткізіп алмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #құрама #футбол #спорт #Македония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика