ffin.kz

Зияткерлік меншік – шығармашылық экономиканың негізі

Зияткерлік меншік – шығармашылық экономиканың негізі almaty-akshamy.kz

Алматыда авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау жөнінде дөңгелек үстел өтті

Алматыда De Monfort University Kazakhstan алаңында, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қолдауымен, Шығармашылық бастамалар және мәдени мұра қоғамдық қоры және «AUDOO.QZ» ЖШС бірлесіп, «Зияткерлік меншік – шығармашылық экономиканың негізі. IP ЖОҚ – ЭКОНОМИКА ЖОҚ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел бағдарламасы зияткерлік құқықтарды қорғаудың, жасанды интеллект пен блокчейн технологияларын қолданудың, сондай-ақ осы саладағы білім берудің түрлі негіздерін талқылауды қамтыды.

Дөңгелек үстелдің сұхбат алаңы Алматы қаласының шығармашылық экономикасы түрлі салаларының сарапшыларын біріктірді. Оның ішінде, З. Розмат, Е. Беделхан, П. Көктішев, А. Жансерікова, Б. Қалдаяқова, А. Халимов және басқа да сарапшылар қатысты.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әлішер Сатыбалдиев және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік орган өкілдері цифрландыру дәуіріндегі негізгі үрдістер мен Алматыдағы шығармашылық индустрияны дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді.

"Біздің міндетіміз – шығармашылық жетістіктерді қорғау ғана емес, сонымен қатар олардың әлемдік аренаға сәтті енуі үшін жағдай жасау. Бұл үшін құқықтық реттеудің заманауи тәсілдері, инновациялық білім берудің бағдарламалары және жаһандық серіктестердің өзара белсенді әрекеттесуі қажет. Тек осылай ғана біз шығармашылық индустрияның тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз. Шығармашылық бастамалар және мәдени мұра қоғамдық қорымен бірлесіп, зияткерлік меншікті цифрлық қорғау саласындағы білімді тереңдету үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтер енгізуді жоспарлап отырмыз", – деді Әлішер Сатыбалдиев.

Дөңгелек үстел барысында «AUDOO.QZ» қазақстандық компаниясы қызметтерінің тұсаукесері өтті. Бұл компания шығармашылық құқықтарды тіркеу, қауіпсіздік, қорғау және монетизациялау шешімдері, сондай-ақ шығармашылық экономика жөніндегі білім беру ресурстарын ұсынады.

«Жеңімпаз – ол адами данышпандықпен ойлап табылған жаңа идеялар мен әзірлемелерді енгізіп, экономиканы заманауи технологиялық деңгейге шығаратын адам. Тұтастай алғанда, IP және материалдық емес активтер саласы мемлекеттік экономикалық бағдарламалар мен халықаралық инвестициялық бизнес үшін басымдыққа айналды, өйткені ол барынша пайда алуға және бұрын-соңды болмаған әлеуметтік әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. S&P 500 индексіне сәйкес, 2020 жылдың өзінде компаниялардың жалпы нарықтық құнындағы материалдық емес активтердің үлесі 90%-ды құрады. Әлемдік тәжірибе IP монетизациясының ұлттық тұжырымдамасынсыз креативті экономиканың болмайтынын растайды», – деп атап өтті «AUDOO.QZ» бас директоры Эльнора Айтқалиева.

Соңғы жылдары Алматы креативті индустрияның орталығына айналып отыр. Бұл сала кәсіпкерлер мен талантты жастарды көбірек тартып, авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау саласында сапалы білім беруді қажет етеді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мегаполистің жасампаз экономикасының өсуі мен өркендеуіне тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана қолайлы жағдай жасауға болатыны туралы ортақ пікірге келді. Жаңа технологияларды енгізуге және инновациялар мәдениетін дамытуға белсенді көзқарас Қазақстанға жаһандық инновациялық аренада негізгі орындарды иеленуге мүмкіндік береді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58