Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда гидтер мен экскурсоводтар үшін курстар өт...

Алматыда гидтер мен экскурсоводтар үшін курстар өтіп жатыр

Барлығы 25.11.2025, 11:06 315
Алматыда гидтер мен экскурсоводтар үшін курстар өтіп жатыр
сурет: Алматы қаласының Туризм басқармасы

Алматы қаласының Туризм басқармасы гидтер мен экскурсоводтар үшін кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған оқыту курстарын өткізуде. Бағдарлама туристік қызмет сапасын көтеру және қаланың сервистік деңгейін жақсарту мақсатында жасалған.

Оқыту 17 қарашадан 12 желтоқсанға дейін өтуде және 200 қатысушыға арналған. Курстар қатысушыларға қазіргі заманғы талаптарға сай кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында қатысушылар экскурсиялық қызмет стандарттарын меңгеріп, туристік маршруттарды әзірлеу әдістемесін үйренеді. Сондай-ақ, Алматының мәдени және тарихи мұрасын зерттеп, шетелдік туристермен және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Курс шеңберінде мамандар дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісуде. Негізгі спикер — Цзэн Чжиго, Guilin туризм университетінің (ҚХР) оқытушысы. Халықаралық туризм, протоколдық қызмет көрсету және гидтерді даярлау саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар маман мәдениетаралық коммуникация, халықаралық этикет және экскурсиялық  жұмыстардың заманауи әдістері бойынша сабақ жүргізеді. Оқыту аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Биылғы жылы Mastercard мәліметіне сәйкес, туристердің қанағаттану деңгейі 75,08%-ті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 пункттік өсімді көрсетті. Бұл мегаполистегі қызмет сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың өзектілігін растайды. Аталмыш курстар туристерге ұсынылатын қызметті едәуір жақсартып, туристік ағынның өсуіне оң әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы қаласының Туризм басқармасы #Алматы жастары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Референдумда басқа біреудің атынан дауыс бергендер айыппұл арқалайды

Бүгін 15:34

Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?

Бүгін 15:30

Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам - Алматыда дәрігерлермен құқықтық кездесу өтті

Бүгін 15:27

Щучинскіде жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Бүгін 15:25

Алматы вакциналауды күшейтіп, кез келген жағдайға дайын отыр - Денсаулық басқармасы

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі