Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Былтыр Қазақстан Әзербайжанға 9 миллион тонна асты...

Былтыр Қазақстан Әзербайжанға 9 миллион тонна астық пен 24,4 мың тонна ет экспорттаған

Әлем 29.07.2024, 17:53 1,013
Былтыр Қазақстан Әзербайжанға 9 миллион тонна астық пен 24,4 мың тонна ет экспорттаған
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі

Елші Әлім Байел ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығының зор әлеуетіне тоқталды.

2024 жылғы 25 шілдеде Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп секторларындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған қазақ-әзербайжан бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Әзербайжан Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Ауыл шаруашылығы инновациялар орталығының директоры Анар Джафаров, Қазақстан мен Әзербайжанның Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асылхан Джувашев, Әзербайжан шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі (KOBIA), Әзербайжанның Экспорт пен инвестицияны ынталандыру агенттігінің (AZPROMO) өкілдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісі, мал, құс, балық шаруашылығы, ветеринария және органикалық тыңайтқыштар өндірісінде маманданған бірқатар қазақстандық және әзербайжандық компаниялар қатысты.

Елші Әлім Байел өз сөзінде Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктестік аясында экономиканың көптеген салаларында табысты өзара іс-қимыл жасап жатқанын атап өтті. Бұл тұрғыда ол ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығының зор әлеуетіне тоқталды. Жалпы, 2023 жылы Қазақстан сыртқы нарыққа 9 миллион тонна астық пен 24,4 мың тонна ет экспорттаған.

Дипломат сондай-ақ Ислам Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының қызметі туралы айтып, Әзербайжанның жақын арада оған қосылатынына сенім білдірді. Ә.Байел Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенге, әсіресе астықты терең өңдеу және басқа да өнімдерді өңдеу саласына салынатын инвестицияларды қолдайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанның Қарабақта ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Өз кезегінде Анар Джафаров Әзербайжан екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың тиімді тетіктерін қолдауға дайын екенін атап өтті. Джафаров сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы елдеріміздің ауыл шаруашылығы саласындағы жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

Форум барысында бизнес-қауымдастық өкілдері өз қызметі туралы айтып, ауыл шаруашылығы саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, екіжақты ынтымақтастықты арттыру бойынша идеялар ұсынылды. Шара барысында екі елдің компаниялары арасында B2B форматында бірқатар кездесулер өтті.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әзірбайжан #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика