AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / 18 тісін бірден емдемек болған. Астанадағы стомато...

18 тісін бірден емдемек болған. Астанадағы стоматологияда қаза тапқан үш жасар қыздың ісі сотта қаралып жатыр

Оқиға 25.11.2025, 16:19 514
18 тісін бірден емдемек болған. Астанадағы стоматологияда қаза тапқан үш жасар қыздың ісі сотта қаралып жатыр
сурет: Сот отырысынан скрин

Астанадағы жеке стоматология клиникасында 3 жастағы қыздың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Марқұмның әкесі сотта сөйлеп, дәрігерлердің қыздың 18 тісін бір сеанста емдеуге шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 қазанда болған. Әкесі Талғат Құмаровтың айтуынша, қызы 3,5 сағатқа созылған наркоздан кейін оянбаған. Процедура бастапқыда үш сағатқа жоспарланған.

«Мен дәрігерден 18 тісті бірден емес, алдымен тоғызын, қалғанын кейін емдеуге бола ма деп сұрадым. Бірақ бізге бәрін бірден жасау керек деді. Седация бала ауруханадан шыққаннан жеті ай өткен соң жасалды. Егер жақында, бір-екі ай бұрын болса, мұндай ұзақ наркозға келісім бермес едік», – деді ол.

Қыздың өкпесі пневмониядан кейін толық жазылмағаны анықталған. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сараптамасы клиниканың баланың жағдайын дұрыс бағаламағанын көрсеткен.

Іс бойынша басты айыпталушы Dent Park Ohno клиникасының анестезиологы - Аида Жұмағалиева. Ал стоматолог сотқа қатыспаған. Тергеу ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі («Медициналық қызметкердің кәсіби міндетін тиісінше орындамауы, адам өліміне әкелуі») бойынша жүргізіліп жатыр.

Айыпталушыға төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру, сондай-ақ үш жылға белгілі лауазымдарды атқаруға тыйым салу жазасы қарастырылған.

25 қарашада прокурор сараптама қорытындыларын оқып, құжаттардан бірнеше заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, стоматологиялық картаның болмауы, келісімнің дұрыс рәсімделмеуі, консультация жазбаларының жоғы, видеоматериалдардағы сәйкессіздіктер, диагноздардың нақты қойылмауы және кейбір қолданылған препараттардың тіркелмеуі көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#стоматология #қылмыс #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика