AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жеті жұрттың тілін білген жігіт

Жеті жұрттың тілін білген жігіт

Білім және ғылым 29.07.2024, 17:45 1,248
Жеті жұрттың тілін білген жігіт
интернеттен

Әмір 6 жасына дейін тек қана қазақша сөйлеген.

Әмір Кәрім орыс-ағылшын тілдері оқытылатын мектепте білім алған, ал басқа тілдерді қарым-қатынас барысында меңгерген, деп хабарлайды aqshamnews.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

4 тілді жарты жылда меңгерген, 7 тілде еркін сөйлейтін шымкенттік полиглот бұл әлі мүмкіндігінің шегі емес екенін және жақын арада өз рекордын жаңартатынын айтады. Эмир 6 жасқа дейін тек қазақша сөйлеген. Мектепте орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Бүгінде полиглот испан, корей, француз және латын тілдерінде сөйлей алады. Ол бұл тілдерді жарты жылдың ішінде игерген.

"Бірінші сыныпта жүргенде-ақ ата-анам тілдердің мен үшін оңай екенін түсінді. Сөйтіп мен көптеген тілді үйрене бастадым. Испан тілін 5-6 айда, француз тілін 7 айда үйрендім және Испанияға сапарымның алдында қалған тілдерді де меңгердім. Оларды зерттеуге көбірек уақыт қажет болды", - дейді полиглот.

Оқуда ғана емес, спортта да жетістікке жетіп жүрген Әмір 10 жасынан бастап футбол ойнайды. Тіпті шетелде, Испанияда жүргенде ол "Торревьеха" футбол клубында жаттыққан. Қазір Әмір "Ордабасы" жастар академиясының негізгі ойыншысы. Ол тіл білудің әкелетін басты пайдасы – саяхаттағы шектеулерді алып тастау дейді.

"Испанияда біз чемпион атандық. Одан кейін былтыр шымкенттік "Ордабасы" командасымен "Арман кубогын" жеңіп алдық. Қазір жаңа Ордабасы лигасымен жаңа жобамен екінші орындамыз, алдымызда "Қайрат". Біз чемпиондық атаққа үміттенеміз. Осы жылы командамен Түркияға барғанымда шет тілін білуім тағы да көмектесті", - дейді Әмір.

Бірнеше тілді еркін меңгерген Әмір университетте менеджмент саласы бойынша оқиды. Көпбалалы отбасында өскен Әмірдің қарындастары да тіл үйренуге тырысып жүр, олар қазірдің өзінде үш-төрт тілде сөйлейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиглот #шымкент #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика