Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге

Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге

Әлеумет 25.11.2025, 15:59 608
Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге
Сурет: автор

Алматыдағы №202 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары қарияларға деген құрмет тек бір күнмен шектелмейтінін көрсетіп, үлкендерге ілтипат пен қамқорлық күн сайын жасалуы тиіс екенін нақты істерімен дәлелдеді. Олар ұйымдастырған жүрекке жылы кеш қонақтардың көңілінен шығып, ұрпақтар сабақтастығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қоғамның алтын діңгегі – қариялар. Ұрпаққа үлгі, өмір жолының шежіресі саналатын қарттарымызға деген құрмет - ұлттық тәрбиенің өзегі. Осы ұстанымды ту еткен Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №202 мектеп-гимназияның 3 "Ә" және 3 "Г" сынып оқушылары «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты әсерлі де мазмұнды мерекелік шара өткізді.

Мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысқан бұл кештің басты қонақтары – аяулы ата-әжелер болды. Балалар олар үшін жүрекжарды өлеңдер оқып, әсем әндер шырқады, би билеп, сахналық көрініс қойып, өз өнерлерін ортаға салды.

Оқушылардың әр қойылымынан үлкендерге деген шынайы сүйіспеншілік пен ілтипат сезілді. Олар сөз өнері мен ән-жыр арқылы қарттардың орнын ешкім баса алмайтынын, сол себепті оларға деген құрмет тек Қарттар күнімен шектелмеуі керектігін ұғындырды. «Қарттарын қадірлеген ел – ұрпағының болашағын ойлаған ел» деген ойды жас жеткіншектер әсерлі жеткізе білді.

Шара соңында кеш қонақтарына балалардың қолымен дайындалған шағын сыйлықтар табысталып, қариялар  ақ батасын берді. Бұл кеш – құрмет пен тәрбиенің үйлескен көрінісі ғана емес, балалардың жүрегіне ізгілік дәнін еккен тағылымды тәрбие сабағына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарттар #Құрмет #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Кеше 20:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика