AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / “Шахтер” футбол клубын кәсіпкер Тимур Турлов сатып...

“Шахтер” футбол клубын кәсіпкер Тимур Турлов сатып алды

Спорт 25.11.2025, 17:01 486 Дина
“Шахтер” футбол клубын кәсіпкер Тимур Турлов сатып алды
сурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандының «Шахтёр» клубы ресми түрде Freedom Holding Corp компаниясының меншігіне өтті, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. Холдинг басшысы – қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов.

Жаңа иелер Қарағанды облысында футболдың толыққанды экожүйесін құруды жоспарлап отыр. Жобаға жалпы 18,5 млрд теңге бөлінеді: оның 12 млрд теңгесі жаңа футбол академиясының құрылысына, 6,5 млрд теңгесі бұқаралық және жастар футболын дамытуға бағытталады.

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті Тимур Турловтың қолдауымен бірнеше бастама іске асып жатыр:

  • «АЛҒА!» мектеп жобасы – 2029 жылға дейін 40 мыңнан астам оқушы мен 3600 студентті қамту, 100-ден астам мектепте футбол бағдарламасын енгізу;

  • Freedom BFL ресми жастар лигасы;

  • «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы;

  • өңірлік футболды кешенді дамыту стратегиясы.

Жаңа академия шамамен 10 гектар аумақта салынып, жыл бойы жұмыс істейтін жабық арена, толық өлшемді жаттығу алаңы, екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешен, медицина орталығы, бассейн, сауна, асхана және студенттерге арналған жатақханадан тұрады. 

Сонымен қатар жаттықтырушыларды даярлауға ерекше мән беріліп, оларға халықаралық тәжірибе алмасуға және УЕФА лицензияларын алуға мүмкіндік жасалады. Футбол инфрақұрылымы қалада ғана емес, ауылдық елді мекендерде де дамытылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тимур Турлов #Шахтер ФК
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);