Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / 100 мыңнан аса медицина қызметкері Ұлдана Мырзуанн...

100 мыңнан аса медицина қызметкері Ұлдана Мырзуанның рухына тағзым етті

Оқиға 25.11.2025, 16:01 426
100 мыңнан аса медицина қызметкері Ұлдана Мырзуанның рухына тағзым етті
сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде алқа отырысы басталар алдында Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның рухына бір минут үнсіздік жарияланды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі министрлікке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүкіл ел бойынша 100 мыңнан астам медициналық қызметкер жұмыс орындарында әріптесін еске алып, құрмет көрсетті.

"Еліміз бойынша 100 мыңнан астам медицина қызметкері өз жұмыс орындарында әріптесінің жарқын бейнесін еске алып, құрмет көрсетті. Ол шұғыл жағдайда адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірін қиған болатын"- делінген хабарламада. 

Ұлдана Мырзуан қайтыс болғаннан кейін жоғары мемлекеттік наградаға ұсынылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен ол қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Еске салайық, 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы ғимараттың кірпіш қаптамасының бір бөлігі кондиционермен бірге құлап, бес адам зардап шеккен. Олардың қатарында оқиға орнына алғашқы көмек көрсету үшін келген жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан да болды. Ол зардап шеккендерге көмектесіп жатқан сәтте екінші қабаттан құлаған кондиционер оның үстіне түскен.

Дәрігерлер 8 қарашадан бастап оның өмірі үшін күресті, алайда алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова марқұмның туыстарына көңіл айтып, Ұлдананың соңғы сәтіне дейін адамдарды құтқаруға тырысқанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлдана Мырзуан #Фельдшер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі