AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Шетел архивтерінен Қазақ хандығы мен Алаш қайратке...

Шетел архивтерінен Қазақ хандығы мен Алаш қайраткерлері жайлы 7 мың тарихи құжат табылды

Мәдениет 07.02.2023, 06:33 1,033
Шетел архивтерінен Қазақ хандығы мен Алаш қайраткерлері жайлы 7 мың тарихи құжат табылды
Сурет: Egemen.kz

Отандық мұрағатшылар шетел архивтерінен осыған дейін көпке беймәлім болған қазақ хандығы мен Алаш қайраткерлері жайлы тарихи құжаттарды елге әкелді.


Құнды қағаздар әлемнің 14 мемлекетінде сақталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке cілтеме жасап. 


Оның ішінде хандардың хаттары мен ежелгі карталар бар. Бүгінге дейін тарихи оқулықтарда болмаған, зерттеулерде айтылмаған 7 мыңнан аса құжатпен қазір ғалымдар айналысып жатыр.


Бұл – көне шағатай тілінде жазылған Темір ханның хаты. Мұсылман күнтізбесі бойынша 918 жылы Сайбек ханға жолданған. Мұнда қазақ жерінің билеушісі Бұрындықпен мәмілеге келгені жайлы айтылады. Алайда құнды қағаз толығымен тәпсірленбеді. Мамандардың айтуынша, деректі қазақшаға аударсақ, тарихымызға қатысты тың ақпарат шығуы мүмкін. Тек шағатай тілін жетік білетін маман тапшы.



«Алып келген 7 мың құжатты біз ұлттық архивте өз күшімізбен зерттей бастадық. Ол құжаттардың ішінде көне шағатай тілінен аударылған құжаттар бар. Бірақ әлі толық аударылып біткен жоқ. Бұл архивтің қоймасында жатқан құжаттар әлі зерттеуге зәру. Жұмыс 2025 жылға дейін жалғасын табады. Әлі де біздің архившілер сондай экспедиция жасайды барлық шетел архивтеріне. Енді алдағы уақытта оны тарихшылармен бірлесіпе ззерттеу  қажет болады», - дейді ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова. 



Елге оралған құнды қағаздардың арасында Кене хан жайлы да деректер бар. Тіпті сол замандағы қазақ даласының картасы да табылған. Бұл арқылы ежелгі қала мен тарихи орындар жайлы ақпарат алуға болады. Одан бөлек, құл мен ханның, билік пен бұқараның міндет-мақсаты жазылған құжаттар да кездеседі. Бірақ, бәрі тыңғылықты зерттеуді қажет етіп тұр.



«XVIII ғасырда Лондонда жарық көрген карта бар. Мұнда қазақ жеріндегі біз білмейтін қалаларды таптық. Енді оларды іздеу ғана қалды. Тарихымыздың кей тұстары бұлыңғыр. Ал бұл құжаттар көп деректің дәлелі болады. Сол үшін мұрағатшылар мен тарихшылардың одағы керек. Жұмыла жұмыс істеп, ғылыми жаңалық аша аламыз. Кеңес үкіметі кезінде жоғалған құжаттардың біразы Венгрия мен Чехияда сақталған. Демек, біз өз тарихымызды толықтыра аламыз. Мәселен, Петербургта қазақ даласының XVII ғасырдағы заңы табылды. Ол қазіргі Қылмыстық кодекспен пара-пар», - дейді тарихшы Игорь Прохоров. 



Тарихшылар мен мұрағатшылар экспедициясы құжаттарды іздеуді әрі қарай жалғастырады. Енді олар Өзбекстандағы қорды қарап шығуды жоспарлап отыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#архив #Мұрағат #тың деректер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);