AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қонақжай қаланың хайуанаттар бағы – тартымды турис...

Қонақжай қаланың хайуанаттар бағы – тартымды туристік орталық

Барлығы 31.10.2025, 12:28 431
Қонақжай қаланың хайуанаттар бағы – тартымды туристік орталық
Сурет: Самат Құсайынов

Алматы хайуанаттар бағында журналистер мен блогерлердің баспасөз-туры өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған іс-шарада хайуанаттар бағының жаңартылған келбетін көруге мүмкіндік алдық.

Биыл зообақ ұжымы жануарларды көбейту ісінде айтарлықтай жетістікке жеткен. Ветеринар дәрігер Юлия Дудкинаның айтуынша, 31 түрлі жануардан 87 төл алынған. Олардың арасында амур жолбарысы, ақ қасқыр, кенгуру, лемур, бұғы мен таутекелер бар.

«Ең үлкен қуанышымыз – амур жолбарысының жұбынан екі күшіктің дүниеге келуі. Бұл нәтижеге жету үшін төрт жыл бойы жүйелі түрде жұмыс істедік. Сонымен қатар, биыл екі жұп ақ қасқыр төлдеді – бірінен үш, екіншісінен бір бөлтірік туды. Бұл елімізде сирек кездесетін әрі бағалы түрлері», – дейді Ю.Дудкина.

Бақ әкімшілігі алдағы уақытта коллекцияны жаңа экзотикалық жануарлармен толықтыруды жоспарлаған. Жақын арада АҚШ-тан тамандуа мен алтыжолақты кіреукей, Канададан сілеусіндер жеткізілмек. Ал Алматы хайуанаттар бағы өз кезегінде шетелдік әріптестеріне сәтті көбейіп жатқан аққұйрық бүркіттерді табыстайды.

Коллекция жетекшісі Айман Едгебаеваның айтуынша, хайуанаттар бағының басты мақсаты – жануарларды көрсету ғана емес, табиғатты қорғау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Алматы хайуанаттар бағы жыртқыш құстарды – сақалтай, ақ иықты және ақ басты бүркітті, құзғын мен грифтерді көбейту ісінде халықаралық деңгейде танымал. Америкалық Timbavati Wildlife Park ұйымы біздің бақта кумайдың табиғи жолмен көбейіп жатқанын ерекше атап өтті. Бұл – бүкіл әлемдегі сирек жағдай және Алматы үшін үлкен мәртебе», – деді А.Едгебаева.

Бүгінде Алматы хайуанаттар бағы – елдегі табиғатты қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі жетекші орталықтардың бірі. Іргесі сонау 1937 жылы қаланған парк қазір Орталық Азиядағы ең танымал рекреациялық және экологиялық орталықтардың бірі. Ол – алматылықтар мен қала қонақтары үшін ең жиі баратын демалыс орындарының бірегейі. Балалар мен отбасылық демалысқа арналған негізгі бағыттардың бірі ретінде ішкі туризмге қосқан салымы да жоғары. Биылдың өзінде баққа 1 миллионнан астам адам келген.

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хайуанаттар бағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда діни радикалданудың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 16:05

Мигранттарға арналған «Діни сауаттылық және экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 16:05

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Бүгін 15:49

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32

Екібастұзда құмар ойынға салынған мемқызметшілер әшкереленді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика