AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ер адам үш жыл жазасын өтеген әйелін колония қақпа...

Ер адам үш жыл жазасын өтеген әйелін колония қақпасынан күтіп алды

Заң мен тəртіп 31.10.2025, 14:51 651 Дина
Ер адам үш жыл жазасын өтеген әйелін колония қақпасынан күтіп алды
Сурет: Polisia.kz

Абай облысындағы әйелдер колониясынан алаяқтығы үшін жазасын өтеген 26 жастағы әйел бостандыққа шықты. Оны мекеме қақпасынан Жетісу облысынан арнайы келген күйеуі қарсы алып, қос жұбайдың сағынысты сәті жүректерді тебірентті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Сот шешімімен бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған әйел жазасын өтеу барысында асхана бөлімінде көмекші аспаз болып еңбек етіп, тәртіп пен жауапкершілік танытқан.

Жылдар бойы сағынысқан ерлі-зайыптылар қуаныштан көз жасын тыя алмай, ұзақ құшақтасып тұрып қалды. Бұл – тек бостандыққа шығу емес, ананың отбасы мен балаларына қайта оралуы, жаңа өмірдің басталуы еді.

Бостандыққа шыққан азаматша мекеме ұжымына алғысын білдіріп, жаңа бетбұрыс жасауға дайын екенін айтты.

"Мен үшін ең үлкен бақыт - жақындарымның жанымда болуы. Осы күнді талай күттім. Бұрын визажист болып жұмыс істедім, енді сүйікті ісіме қайта оралғым келеді. Түрме қабырғасында өткен жылдар ауыр, бірақ үлкен сабақ болды. Ендігі мақсатым - балаларым мен отбасым үшін жарық өмір құру", — деді ол.

Колония әкімшілігі де сотталған әйелдердің қоғамға бейімделуі әрдайым назарда екенін атап өтті.

"Біз жазасын өтеушілерді тек колонияда ғана емес, бостандыққа шығар алдында да қолдаймыз. Еңбек етуге, жаңа дағдылар алуға жағдай жасаймыз. Басты мақсат - олардың жаңа өмірге сеніммен қадам басуы және өткен қателіктерді қайталамауы", - деді №23 мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

Жас ана енді жаңа өмір парағын отбасымен бірге ашуға ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Абай облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Кеше 17:13

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Кеше 16:51

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Кеше 16:40

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Кеше 16:02

Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);