AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады

Заң мен тəртіп 31.10.2025, 16:04 741
Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады
видеодан алынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда хайп үшін жасалатын әрекеттер жиілегеніне байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Лайк жинау үшін жасалған әрекет батылдық та, креатив те емес"

Министрлік өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, жақында жастардың сауда орталықтарында немесе көшеде жартылай жалаңаштанып жүгіріп, айқайлап, қоғамдық тәртіпті бұзып, отбасылар мен балаларға қолайсыздық туғызған фактілері тіркелген. Мұндай әрекеттер заңмен жазаланады. Мәселен, жуырда Астанада осындай тәртіп бұзған азамат 15 тәулікке қамалды.

"Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, көпшілікке құрметсіздік көрсету, ар-ұятқа жат қылық. Қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейді. Заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деді Әлекешев.

"Өзіңізді де, айналадағы адамдарды да құрметтеңіздер"

ІІМ өкілі қазақстандықтарды, әсіресе жастарды, күмәнді интернет-трендтерге ермеуге шақырып, адамдық қадір-қасиетті сақтау қажеттігін атап өтті. Министрлік мұндай оқиғаларды дереу тоқтататынын және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалауды жалғастыратынын мәлімдеді.

"Баршаға, әсіресе жастарға айтарымыз: күмәнді интернет-трендтерге ермеңіздер. Өзіңізді де, айналадағы адамдарды да құрметтеңіздер. Нағыз құрмет пен абырой жақсы іс, пайдалы ой, дұрыс әрекет арқылы келеді", - деді ресми өкіл.

Оқиға анықтамасы

Еске салайық, 21 қазанда Астанада ер адам сауда орталығында ішкиіммен жүгіріп, тұрғындардан өзіне пәтер сыйлауды сұраған. Видеоға қарағанда, ол Беларусь блогері Mellstroy-дың пәтер ұтысына қатыспақ болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық құндылықтар – адами капиталды дамытудың негізі

Бүгін 14:44

Алматы қолөнер өнерінің орталығына айналды: қалада ұлттық дәстүр мен шығармашылық жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 14:39

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді 

Бүгін 14:24

Алматының Медеу ауданында электр желілеріндегі апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 11:50

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);