Дәстүр мен кәсіби шеберлікті тоғыстырды

Дәстүр мен кәсіби шеберлікті тоғыстырды Сурет: Самат Құсайынов

Алматы қаласында «Бауырсақ Fest – 2025» республикалық фестивалі өтті. Халықаралық аспаздар күні қарсаңында әрі «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткен іс-шара қалалық Білім басқармасына қарасты «Алматы технологиялық колледжі» базасында ұйымдастырылды.

Жыл сайын дәстүрге айналған фестивальдің басты мақсаты – ұлттық тағаммен қоса, салт-дәстүрді насихаттау дейді Алматы технологиялық колледжінің директоры Ерұлан Қарағұлов. «Биыл Мемлекет басшысының жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Тамақтану және қызмет көрсету мамандықтарындағы кадрлар саны көбейіп жатыр. Осы дәстүрді ары қарай жалғастыру – біздің басты парызымыз», – деді колледж директоры.

«Бауырсақ Fest – 2025» фестивалі ұлттық тағамдар мен қонақжайлылықты насихаттап қана қоймай, қатысушылардың кәсіби шеберлік деңгейін және кәсіп беделін арттырды әрі колледждер мен әлеуметтік серіктестер арасындағы байланысты нығайта түсті.

Аталмыш байқау биыл жетінші рет өтіп отыр. Алматы технологиялық колледжінің оқу-өндірістік ісі бойынша директордың орынбасары Гүлнәр Жүнісбекқызының сөзінше, фестиваль алғашында аудандық, кейін қалалық деңгейде ұйымдастырылса, былтырдан бері республика бойынша өткізіліп келеді.

Гүлнәр Жүнісбекқызының айтуынша, кезекті байқауға 11 колледж қатысқан. Жуырда оқу орны «Бауырсақ Fest»-тің логотип патентін, өткізілу ережесінің авторлық құқығын алдық. Қазірге мемлекет тарапынан қаржылық қолдау болмағанымен, Әуезов ауданы әкімдігі белсенді қолдау көрсетіп келеді. 

Қазақ халқының аспаздық өнері ғасырлардан келе жатқан ұлттық дәстүрге бай. Қазақ дастарханы қашан да өзіндік ерекшелігімен, дәмімен танымал. Халқымызбен дәмдес болған саяхатшылар ұлттық тағамдарды нәрлі және дәмді, қарапайым және талғампаз, тағамдардың әртүрлілігі мен сирек үйлесімімен, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы есте қалған қонақжайлылығын таңдана еске алады.

Классикалық «Бауырсақ», «Ши бауырсақ», авторлық «Бауырсақ» және «Арт-үстел» аталымдарынан тұрған фестиваль барысында концерттік бағдарлама ұсынылды. Қатысушыларды кәсіби наубайхана және кондитерлік технологтардан тұратын құзыретті қазылар алқасы бағалады.

«Бауырсақ Fest» жылдан-жылға өркендеп келе жатыр. Бастапқыда 6 топ қана бақ сынасқан байқауға қазір 6 өңірден, Алматының 4 колледжінен қатысушылар келді. Бұл – дәстүрді жалғастырудың айқын көрінісі. Авторлық «Бауырсақ» – әр қатысушының дербес  әрі өз ойынан дайындалатын өнім. Ал «Арт-үстелде» көрнекілікке баса назар аударылады. Бағалау кезінде ыдыстарға, дайындалған өнімдерге, тазалыққа, тақырыпқа сәйкестілігіне, бауырсақтың құрамына, піскен кездегі күйіне, пішініне назар саламыз. Қатысушылар жүлделі орындардан бөлек түрлі аталым бойынша марапатталады, – деді «Qulpynai» кондитерлік үйінің бөлім меңгерушісі Эльмира Дарыбаева.

Набира ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, «Прогресс» политехникалық колледжінің шебері:

Бауырсақ – қазақтың ата-бабадан келе жатқан ұлттық тағамы. Сондықтан «Бауырсақ Fest» атты фестивальдің ұйымдастырылуын құптаймын. Ұлттық ойындарымыз бен ұлттық тағамдарымыз кеңінен насихатталғанын қалаймын. Өйткені, дәстүріміз Қазақстанның дамуына, жастардың өркендеуіне жол ашады. Фестивальге екінші рет қатыстық. Былтыр да аталмыш байқау өз деңгейіне сәйкес әділ өтті. Нан өнімдерін түрлендіргеніміздің арқасында «Арт-үстеліміз» екінші орынды иемденді. Ұйымдастырыушыларға шексіз алғыс айтамын.

Салтанат БОТАБЕКҚЫЗЫ, байқауға қатысушы: 

"Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының «№3 Байзақ колледжінен» 4 қатысушы келдік. Байқауға бауырсақ пісіретін арнайы тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Бойда қобалжу болғанымен, барынша дайындалдық"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:06

17:48

17:21

17:01

16:44

16:28

16:15

16:04

15:51

15:27

15:16

15:05

14:51

14:32

14:18

14:11

12:38

12:28

12:16

12:04

11:53

11:31

11:16

11:03

10:55