AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Елімізде 1 қарашадан бастап не өзгереді?

Елімізде 1 қарашадан бастап не өзгереді?

Барлығы 31.10.2025, 10:55 571
Елімізде 1 қарашадан бастап не өзгереді?
сурет: Дина Литпин

Күздің соңғы айы еліміз үшін бірқатар маңызды жаңалықтар мен өзгерістер әкелмек. Экономикадан бастап цифрландыруға, әуе тасымалы мен жастар бастамаларына дейін тың жайттарға толады. Аqshamnews.kz тілшісі материалда тарқатады. 

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайта көтеруі мүмкін

Қазанның басында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция мақсатты дәлізге түспесе, базалық мөлшерлеме тағы өсуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

"Қарашада болжамды раунд өткізіп, макропараметрлерді жаңартамыз. Ішкі және сыртқы факторлардың инфляцияға әсері қайта бағаланады", - деді Сүлейменов.

Базалық мөлшерлемеге қатысты шешім 28 қарашада жарияланады. Егер расымен өссе, несие құны артып, депозиттер бойынша табыс жоғарылауы мүмкін.

сурет: Ұлттық банк

Цифрландыру және миграция: жаңа платформа іске қосылады

1 қарашадан бастап елімізде миграциялық процестерді есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасы кезең-кезеңімен іске қосыла бастайды.

Жүйе:

  • мигранттар туралы ақпаратты келуіне дейін жинайды,

  • тексерістерді автоматты режимде жүргізеді,

  • қызметтерді бір терезе арқылы көрсетеді,

  • көші-қон статистикасын талдап, болашақ ағындарды болжауға мүмкіндік береді.

Жасұлан Мәдиевтің айтуынша, жаңа модель миграциялық рәсімдерді 60-70% қысқартады, ашықтықты арттырады және мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетеді.

сурет: Gov.kz

Қарашадан бастап бірқатар жаңа әуе бағыты ашылады

Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan)

  • Астана-Самарқанд - 7 қарашадан, жұма және жексенбі

  • Астана-Бішкек - 10 қарашадан, дүйсенбі және бейсенбі

FlyArystan

  • Ақтау-Дубай - 29 қарашадан, сенбі күндері (мереке кездерінде қосымша рейстер)

Билеттер бағасы 62 мың теңгеден басталады.

сурет: FlyArystan

Қысқы шиналар қымбаттай бастайды

Автошина сататын салондар 1 қарашадан бастап қысқы резеңкеның бағасы өсетінін айтты. Бұл - маусымдық баға өсімі. Еске салайық, 30 қарашаға дейін жүргізушілер көлікті қысқы дөңгелекке ауыстыруға міндетті.

Қазіргі орташа бағалар (танымал әрі тексерілген брендтер бойынша):

  • 205/55 R16 - дөңгелекке 25 мың тг-ден бастап

  • 185/65 R15 - 18 мың тг-ден бастап

  • 215/65 R16 - 27 мың тг-ден бастап

Бағалар әзірге маусым ресми басталмай тұрғанда өзекті. Танымал емес маркалар есепке алынған жоқ.

сурет: ашық дереккөз

Оқушылар демалыстан оралады

27 қазан - 2 қараша аралығында берілген күзгі каникул аяқталып, 3 қарашада оқушылар II тоқсандағы оқуын бастайды.

Ал келесі демалыс - 29 желтоқсан - 7 қаңтар аралығында өтетін қысқы каникул болады.

"Қайрат" италиялық клубпен кездеседі

Алматылық "Қайрат" клубы ЧЛ-дағы кезекті сырт алаңдағы матчін өткізеді. 

  • 6 қараша - "Интер" vs "Қайрат", Милан, "Сан-Сиро"

  • 26 қараша - "Копенгаген" vs "Қайрат", Дания

Сондай-ақ, 22 қарашада Дохада қазақстандық спортшы Асу Алмабаев UFC-де америкалық Алекс Перезбен жекпе-жек өткізеді. Бұл - тарихтағы алғашқы Катардағы UFC турнирі.

Қарашада қанша күн демаламыз?

Қарашада Қазақстанда демалыс берілетін мереке жоқ. 

Қарашада қандай мереке бар?

Қарашада кәсіби және басқа да мерекелер бар:

  • 5 қараша - Сыртқы барлау күні.
  • 8 қараша - Статистика күні.
  • 10 қараша - Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні.
  • 15 қараша - Ұлттық валюта - теңге күні, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
  • 16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) - Бұрғышылар күні.
  • 17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) - Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#қараша #не өзгереді? #өзгеріс #Базалық мөлшерлеме #каникул
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08

Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Бүгін 15:35

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»

Бүгін 15:17

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстанға әсері қандай?

Бүгін 14:51

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Бүгін 14:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика