AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Ешкімге керек емеспін..." Алматы облысында өзіне...

"Ешкімге керек емеспін..." Алматы облысында өзіне қол жұмсаған оқушының хаты жұрттың жағасын ұстатты

Барлығы 31.10.2025, 11:31 432
"Ешкімге керек емеспін..." Алматы облысында өзіне қол жұмсаған оқушының хаты жұрттың жағасын ұстатты
сурет: alataunews.kz

Алматы облысы, Саймасай ауылында 27 қазанда болған қайғылы оқиға елді дүр сілкіндірді. Алдын ала мәліметке сенсек, 6-сынып оқушысы өз үйінің ауласында өзіне қол жұмсаған. Жергілікті білім басқармасы қаза тапқан баланың отбасы есепте тұрғанын алға тартса, ауыл тұрғындары тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері анықталмағанын хабарлап, қайғылы оқиғаға басқа жағдай себеп болғанын айтып отыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

Білім басқармасының мәлімдемесі

Алматы облыстық білім басқармасының дерегінше, бала үйдің ортаншысы. Ол анасымен, өгей әкесі және бауырларымен бірге тұрған.

2024 жылдан бері отбасы тұрмыстық жағдайының санитарлық талаптарға сай болмауына байланысты профилактикалық есепте тұрған. Ұйымдастырылған тексеріс нәтижесінде үй жағдайы жақсарғаны айтылған. Оның үстіне, мектеп пен аудандық қызметтер тарапынан отбасыға қолдау көрсетіліп отырғаны айтылды.

"Баланың мінез-құлқы мен оқу үлгерімі қанағаттанарлық болды. Қажетті әлеуметтік көмек көрсетіліп отырды" , - деп хабарлады басқарма.

Қазір психологтар отбасыға көмек көрсетіп жатыр, ал құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Ауыл тұрғындары не дейді?

Ал ауыл тұрғындары жағдай мүлде басқаша болғанын айтады. Олардың сөзінше, отбасы көптен бері қиын жағдайда өмір сүрген:

  • анасы мен өгей әкесі ішімдік ішкен,

  • үйде жиі жанжал болған,

  • балалар аш, кір-қожалақ жүрген,

  • өгей әкесі балаларды үнемі ұрып-соққан.

Көршілері балаларды бірнеше рет тамақтандырғандарын, киім бергендерін айтады. Тұрғындардың айтуынша, қаза тапқан баланы ең кіші інісі аулада тауып алған, ал ата-анасы сол сәтте үйде болмаған.

"Өгей әкесі балаларды қатты ұратын. Бір рет көршілердің шкафына тығылып, жылап отырғанын көрдік," – дейді ауыл тұрғыны.

Сондай-ақ жергілікті жұрт баланың мектептен де қысым көргенін алға тартады.

"Мен ешкімге керек емеспін...": оқушының соңғы хатында не жазылған?

Оқиғадан кейін желіде балаға тиесілі делінген күнделіктің суреттері тарады. Онда жасөспірімнің ауыр психологиялық күйде болғаны байқалады:

"Мен ешкімге керек емеспін... Неге маған үнемі ұрсып, ұра береді? Мен бөтенмін, керексізбін. Мен өзімді төмен сезінетін мектепке келдім. Айналамның бәрі қуанып, бақытты жүреді. Мен неге бақытты бола алмаймын?", - деп жазылған 6-сынып оқушысының өлер алдындағы хатында. 

Сонымен бірге "НеМолчи.kz" қоры да баланың мектепте және үйде жәбір көргені туралы шағымданғанын хабарлады.

Полиция жауабы

Алматы облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады. Тергеу ерекше бақылауға алынған.

"Барлық мән-жай толық зерттеледі. Қылмыстық іс аясында объективті шешім қабылданады," – деді ведомство.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#суицид #Алматы облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика