AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жаңаөзендегі жасөспірімдер жанжалы: сот шешім шыға...

Жаңаөзендегі жасөспірімдер жанжалы: сот шешім шығарды

Оқиға 31.10.2025, 15:16 541
Жаңаөзендегі жасөспірімдер жанжалы: сот шешім шығарды
видеодан алынды

Маңғыстау облысында Жаңаөзендегі мектеп оқушылары арасындағы жанжалға қатысты сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Видеода екі жасөспірім қыздың бір-бірін аяусыз соққыға жығып, төбелесті қатарластары мен кішкентай баланың көз алдында жалғастырғаны көрінеді.

Оқиға қалай болды?

Соттың мәліметінше, 2025 жылдың 8 қазанында сағат 21:00 шамасында Жаңаөзен қаласының көшелерінің бірінде екі жасөспірім қыз арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Қыздардың бірі түрлі жарақат алған. Оқиға куәгерлері түсірген видео Instagram желісінде жылдам тарап, қоғам мен құқық қорғау органдарының назарын аударды.

Анасына айыппұл салынды

Сот отырысы барысында қыздардың бірі тәрбиесіне жауапты анасының бала тәрбиелеу міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны анықталды. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық болып танылды.

Жауапкер әйел өз кінәсін мойындағанымен, жанжалды қарсы тараптың бірінші болып бастағанын айтты. Соған қарамастан, сот оны кінәлі деп танып, 78 640 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ

Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген. Аталған бап бойынша айыппұлдан бөлек, 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу шарасы да қарастырылған.

Сот өкілдері ата-аналар балалардың тәрбиесі мен мінез-құлқына жауапты екенін еске салды. Мұндай жағдайлардың жасөспірімдердің психологиялық жағдайына және қоғамдық тәртіпке теріс әсер ететіні атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #Жаңаөзен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 12:16

1 сәуірден бастап Алматы мен бүкіл Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау жұмысы толық автоматтандырылған іріктеу жүйесіне көшеді

Бүгін 12:04

Дональд Трамп Тоқаевқа хат жолдады

Бүгін 11:54

Алматыда мемлекеттік қызметкерге қоятын талап күшейді

Бүгін 11:45

Астана 2026 жылы үшінші халықаралық "Болашақ ойындары" өтеді

Бүгін 11:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика