Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты» көрмесі ашылды

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты» көрмесі ашылды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нидерланд Корольдігінің астанасы – Амстердам қаласындағы Юнус Эмре институтында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты» атты көрме ашылды.

Экспозиция Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-тен астам бірегей экспонатты қамтиды. Аталған көрме Ұлы дала мәдени мұрасын Еуропа жұртшылығына танытатын, қазақ руханияты мен тарихының терең тамырын паш ететін маңызды мәдени оқиға.

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Елшісінің кеңесшісі Аян Тұрарбеков:

«Бұл көрме біз үшін ерекше маңызға ие болды. Себебі ол еліміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Республика күнімен тұспа-тұс келді Экспозиция еліміздің бай мәдени мұрасын көрсетіп, қазақ және түрік мәдениеті арасындағы өзара диалогтың дамуына ықпал етеді. Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Юнус Эмре институтының тарихи-мәдени мұраны сақтау және әлемдік деңгейде таныту бағытындағы еңбегіне зор алғыс білдіреміз», – деді ол.

Бес тақырыптық бөлімнен тұратын көрмеде, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен қолданбалы өнерін бейнелейтін этнографиялық артефактілер және қазақ, түркі халықтарының музыкалық аспаптары ұсынылған.

«2023 жылы Алматы музейлер бірлестігі «Түркі әлемінің ең үздік музейі» марапатына ие болды. Қазіргі уақытта Алматы музейі Еуропада қазақ мәдениетін дәріптеу және таныту бағытында бірқатар жобаны жүзеге асырып келеді. Бұл бастамалар ұлттық мұраны халықаралық деңгейде кеңінен насихаттап, мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етуде», – деп атап өтті ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев. 

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова Алматы қаласы әкімі Дархан Амангелдіұлының ыстық ықыласын жеткізе келе, бұл көрме халықаралық ынтымақтастықтың жемісті нәтижесі екенін атап өтті. 

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі қала әкімдігінің қолдауымен кейінгі үш жылда, Оңтүстік Корея (Сеул), Австрия (Вена), Франция (Париж), Италия (Неаполь), Чехия (Прага), Сербия (Белград), Мажарстан (Карцаг), Түркияда (Стамбул) 11 халықаралық көрме ұйымдастырып, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін әлемдік деңгейде таныстырып келеді. Амстердамдағы бұл көрме де – музейдің халықаралық бағыттағы жүйелі түрде жүргізілген жұмысының жалғасы, қазақ мәдениетінің Еуропа кеңістігіндегі жаңа бір көрінісі», – деді.

«Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты» көрмесі Амстердам қаласында 14 қарашаға дейін жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:06

17:48

17:21

17:01

16:44

16:28

16:15

16:04

15:51

15:27

15:16

15:05

14:51

14:32

14:18

14:11

12:38

12:28

12:16

12:04

11:53

11:31

11:16

11:03

10:55