AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шымкенттен Меккеге дейін: велосипедпен жолға шыққа...

Шымкенттен Меккеге дейін: велосипедпен жолға шыққан жігіттің ерекше сапары

Әлеумет 31.10.2025, 15:05 686 dulatbekova
Шымкенттен Меккеге дейін: велосипедпен жолға шыққан жігіттің ерекше сапары
Коллаж: Нұрболсын Өріс

"Алыс сапар алғашқы қадамнан басталады" дейді халық даналығы. Осы сөздің мәнін Ролан Анатолий өз ісімен дәлелдеп келеді. 18 жастағы жігіт Шымкенттен Меккеге дейінгі 8000 шақырым жолды велосипедпен еңсеруді мақсат еткен. Cапар жайлы Aqshamnews.kz тілшісі толығырақ баяндайды. 

Ролан 13 қазанда жолға шыққан.  Қазір ұзақ сапардың 19 күнін еңсерді.

Шымкент - Түркістан - Қызылорда - Ақтөбе - Атырау - Астрахань - Махачкала - Грозный - Тбилиси - Тегеран - Дубай - Доха - Эр-Рияд - Медина - Мекке бағытын бетке алған ол қазір Дағыстан арқылы өтіп, Бабаюрт пен Махачкала қалаларын артта қалдырған.

Сапарға шыққан жас жолаушының барлық қажет жабдығы: шатыр, құрал-жабдық, азық-түлік пен киім-кешегі сенімді серігі - велосипедіне тиелген. Мұндай ауыр жүкпен жолды еңсеру де оңай емес. Ол күніне 80-100 шақырым жолды артқа тастап келеді. "Жол азабын жүрген білер" демекші, шатырын тіге сап жол бойында түнеген кездері де аз емес көрінеді.

Әр күнін ол әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, өзіне тілеулес оқырмандарымен сапар бағыты мен одан алған әсерін бөлісіп отырады.

"Бұл сапар - өзімді сынау, шыдам мен ерік-жігердің мектебі. Әлемді өз көзіммен көріп, жаңа адамдармен танысқым келеді", – дейді ол.

Көк туын желбіреткен жолаушы

Ролан велосипедіне қазақтың көк байрағын іліп алған. Жолда кездескен адамдар оған жылы лебіздерін білдіріп, қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Бірі асын берсе, бірі ақша немесе жылы сөзбен демеп, тілектерін жаудырады. Кейбір елді мекен тұрғындары оның әлеуметтік желідегі жазбаларын көріп, арнайы жолын тосады екен.

Қазір Ролан Кавказ өңірін артқа тастап, алдағы уақытта Әзербайжан мен Түркия арқылы жолын жалғастырмақ. Діттеген жерге қолдан келсе, 2-3 ай көлемінде жетуге ниетті. 

Айта кетейік, бұл Роланның мұндай сапарға алғаш рет шығуы емес. Былтыр ол жаяу жүріп, бар болғаны бір айда 1300 шақырымды ең артқа тастап, Түркияға дейін барып-қайтқан. Сол сапардан кейін саяхат оның өмірінің бір бөлігіне, яғни сүйікті ісіне айналған.

Қазіргідей ұшақ ұшып, көліктің түр-түрі айшылық алыс жерге жылдам жеткізетін заманда Ролан сияқты жастардың өз күшімен алыс сапарға шығуы табандылық пен рухани ізденістің үлгісі іспетті.  Оның ерік-жігері мен батылдығы көпшілікке шабыт беріп отыр. "Жол мұраты - жету" болса, қасиетті мекен - Меккеге аттанған жігіт бұл мақсатына жететініне кәміл сенеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қажылық сапар #Мекке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);