AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар...

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтіліп отыр

Барлығы 31.10.2025, 17:21 338
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтіліп отыр
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарын аралады.

Сапар барысында қала басшысы «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты, «Алматы нан» нан комбинаты және «Масло-Дел» компаниясында болды.

«Ақсай» нан-тоқаш комбинатында әкім өндірістік желілер мен жеткізу логистикасымен танысты. Кәсіпорын жыл сайын шамамен 48,7 мың тонна өнім шығарып, қала халқының әлеуметтік нанға деген сұранысының 50%-ына дейін қамтамасыз етеді. Мұнда 1 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

«Алматы нан» комбинаты тәулігіне 100 тоннаға дейін нан-тоқаш өнімдерін шығарады, оның 30 тоннасы әлеуметтік нанға тиесілі. Компанияда 166 адам еңбек етеді, орташа жалақы – 300 мың теңге. Екі кәсіпорын бірігіп, алматылықтардың нан-тоқаш өнімдеріне, соның ішінде әлеуметтік нанға деген негізгі сұранысын қамтамасыз етіп отыр.

Сапар «Масло-Дел» компаниясына барумен аяқталды. Бұл Қазақстандағы май-тоң май және сүт өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын бес өндірістік алаң мен 24 сату филиалын біріктіреді, онда 3 000-нан астам адам жұмыс істейді. Өндірістің жылдық көлемі 150 мың тоннадан асады, бұл кейбір өнім санаттары бойынша елдің ішкі нарығының шамамен 33%-ы.

Қала әкімі Алматының отандық өндірушілерді жүйелі түрде қолдайтынын, өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге жағдай жасайтынын атап өтті.

«Әкімдік тарапынан өндірушілерге қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Ең бастысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу, олардың тұрақты өндірісі мен ішкі нарыққа үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету», — деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Сапар қорытындысы бойынша қала басшысы тиісті басқармаларға көтерме және бөлшек бағаға тұрақты мониторинг жүргізуді, кәсіпорындарға инфрақұрылымдық және кадрлық мәселелерді шешуде жәрдемдесуді, сондай-ақ баға қалыптастырудың ашықтығын сақтап, азық-түлік жеткізілімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді жүктеді.

Алматы әкімдігі алдағы уақытта да отандық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылауды және мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда діни радикалданудың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 16:05

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Бүгін 15:49

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32

Екібастұзда құмар ойынға салынған мемқызметшілер әшкереленді

Бүгін 15:29

БҚО әкімі мас күйде көлік жүргізген

Бүгін 15:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика