Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда халық санағы аясында жүргізілген нақты...

Қазақстанда халық санағы аясында жүргізілген нақтылау жұмысы аяқталды

Әлеумет 08.11.2021, 12:20 1,121
Қазақстанда халық санағы аясында жүргізілген нақтылау жұмысы аяқталды
inform.kz

Қазақстанда халық санағы аясында жүргізілген нақтылау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.



8 қараша күні сағат 00:00-де «Халық санағы-2021» аясында жүргізілген нақтылау жұмыстары аяқталды. Негізгі кезең және нақтылау жұмыстары қорытындысы бойынша сауалнамамен 19,6 миллионнан аса респондент қамтылды.


Бұл кезеңде қандай да бір себептермен санаққа қатыса алмаған респонденттерге арнайы sanaq.gov.kz сайты, e-Gov порталы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ сауалдарын толтыру мүмкіндігі берілді. Бүгінде ұлттық статистика бюросы деректерді өңдеуге кірісті. Жоспарға сәйкес ауқымды іс-шараның алдын ала қорытындылары ағымдағы жылдың желтоқсан айында жарияланатын болады.



Естеріңізге сала кетейік, шара аясында елімізде тұрақты тұрып жатқандардан өзге 12 айдан аса уақытқа шетелге іссапармен шыққандар (шетелдегі дипломатиялық корпус пен ҚР өкілдігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері), келісімшарт негізінде бір жылдан кем уақытқа басқа елге кеткен отандастарымыз, өзге мемлекетте «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттер, уақытша шетелге шыққан туристер, уақытша (12 айдан аз) елімізде жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар санақтан өтуде. Халық санағын өткізу әдістемесіне сәйкес, сауалнама аяқталған соң нақты және тұрғылықты халық саны бойынша ақпарат алынатын болады.



Бұл санаттар нені білдіреді? «Нақты халық» дегеніміз, санақ өткізу кезіндегі белгілі бір елді мекендегі адамдардың санын білдіреді. Бұл санатқа тұрғылықты тұрғындармен қатар, уақытша келгендер мен резидент емес тұлғалар жатқызылады.


Яғни, мұнда елді мекенге қонаққа, демалуға, жұмыс бабымен және т. б. мақсатта, сондай-ақ, елде уақытша жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар қамтылады.



«Тұрғылықты халық» деген санатта елді мекенде тұрақты тұрып жүргендермен қатар, уақытша басқа жаққа шығып кеткен азаматтар қамтылады. Олардың қатарына басқа елді мекенге немесе шетелге туыстарына, еңбек демалысына, жұмыс бабымен немесе басқа да себептермен уақытша кеткендер кіреді. Алғаш рет санақ сауалдары кезінде қағаз тасымалдағыштар толығымен алынып тасталды.



Респонденттерге арнайы sanaq.gov.kz сайты, e-Gov порталы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ сауалдарын толтыру мүмкіндігі берілді. Респонденттердің 42 проценттен астамы онлайн-санақ функциясын пайдаланды.


Ақылы қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес жұмыс істеген интервьюерлер планшеттерді пайдаланды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазасқтан #санақ #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі