AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Полицейлер Алматыға «қонаққа келген» ұрыны қолға т...

Полицейлер Алматыға «қонаққа келген» ұрыны қолға түсірді

Оқиға 08.11.2021, 11:47 1,323
Полицейлер Алматыға «қонаққа келген» ұрыны қолға түсірді
Сурет: PNGEgg

1996 жылы туған И.есімді азамат шаһарға бірнеше ай бұрын келген.


Алматы хостелдерінен ұрлық жасаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметі бойынша, 1996 жылы туған И.есімді азамат шаһарға бірнеше ай бұрын келген. Ол хостелге тоқтаған, бірақ ол жерде бірнеше күннен артық жатпаған. Осы уақыт ішінде ол қонақтарды мұқият аңдып, бірнеше ұрлық жасап үлгерген.



«Барлық қалта ұрылары сияқты, күдікті де жәбірленушілерге байқатпай қалталары мен сөмкелерінен бағалы заттарды ұрлаған. Ұрлықтың басым бөлігі түнде, яғни тұрғындар ұйықтап жатқанда жасалған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат жасаған бөтеннің мүлкін ұрлаудың бес эпизоды дәлелденді. Олардың одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, оның басқа да осыған ұқсас мүліктік қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді Алмалы аудандық ПБ басшысы Есен Ысқақов.


Белгілі болғандай, 25 жастағы күдікті бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазір ұрыға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #хостел #ұры #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52

Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Bahn компаниялар тобының басшыларымен кездесті

Бүгін 16:45

Алматылық оқушылар қарттарға құрмет көрсетті

Бүгін 16:45

Қоғам Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды  

Бүгін 16:40

Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарын алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);