конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Экономика 08.11.2021, 11:42 1,382
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz



БЖЗҚ портфелін әртараптандыру нәтижесінде зейнетақы активтері мен инвестициялық кіріс көлемі өскен


Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының биылғы 10 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және әлемдегі инфляциялық қысымның күшейіп, азық-түлік бағасының қымбаттай түскені туралы есебін тыңдады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық валюта қорының инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі болжамдары, сондай-ақ дамыған елдердің ынталандыру саясатынан бейтарап саясатқа көшуіне байланысты дамушы нарықтардан капиталдың жылыстау қаупі бар екені айтылды, Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Кездесу барысында Үкіметпен бірлесіп, инфляцияға төтеп беру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ азық-түлік бағасының өсуі болар-болмас баяулағанына байланысты қазан айындағы жылдық инфляцияның деңгейі 8,9 пайыз болғаны туралы ақпарат берілді.


Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 айда қалыптасқан төлем балансының алдын ала бағалау көрсеткіші туралы мәлімет ұсынды. Бағалауға сәйкес сауда балансының жақсаруына байланысты  төлем балансының тапшылығы 3 миллиард АҚШ долларына дейін төмендеген. Тұтынушылық импорттың өсуі төлем балансының одан әрі жақсаруын тежейді.


Президентке алтын бағасының қымбаттауы есебінен алтынвалюта қоры активтерінің өсуі жөнінде және жыл басынан бері Ұлттық қордағы инвестициялық кірістің 2 миллиард АҚШ долларына (3,44%) дейін қайта қалпына келгені туралы ақпарат берілді.


Ұлттық банктің деректеріне сәйкес БЖЗҚ портфелін әртараптандыру нәтижесінде зейнетақы активтері мен инвестициялық кіріс көлемі өскен.


Сонымен қатар Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық төлем жүйесін пилоттық режимде іске қосуға дайын екенін жеткізді.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.   










Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #банк төрағасы #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);