Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандық таңдағанда неге назар аудару керек? Профо...

Мамандық таңдағанда неге назар аудару керек? Профориентологпен сұхбат

Әлеумет 23.05.2025, 10:29 815
Мамандық таңдағанда неге назар аудару керек? Профориентологпен сұхбат
Көрнекі сурет. ЖИ

"Есейгенде кім боламын?" деген сұрақ бәрімізді мазалаған шығар, себебі мамандық — бұл жай ақша табу құралы емес, өмір жолы. Бұл таңдауда сүрінбеуге көмектесетін білікті маман - профориентолог. Аqshamnews.kz оқушыға бағыт-бағдар сілтейтін маман Жадыра Тойбаймен сұхбаттасты. 

Профориентолог кім?

Профориентолог – оқушының қабілетін, қызығушылығын, темпераментін және еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, оған ең лайық мамандықты анықтауға көмектесетін маман. Ол психолог, педагог, кейде тіпті детектив сияқты — оқушының ішкі әлемін зерттейді.

"Профориентологтар ассоциациясының" басқарма төрайымы, PhD Жадыра Тойбай қазір еңбек нарығындағы  сұранысқа ие мамандықтарды атады. 

"Бүгінгі таңызда сұраныстағы мамандықтардың қатарына біз IT саласын, техникалық салаларды, инженерлерді, сату мамандарын, педагогтарды, дәрігерлерді және заң мамандарын жатқыза аламыз. Бірақ әр өңірде сұраныстағы мамандықтар түрлі болуы мүмкін. Мысалы, егістік, егін-егу аймақтарында агрономия мамандықтар сұраныста болады. Бірақ мен кез келген оқушы сұраныстағы мамандыққа қызығушылық артпа, керісінше сұраныстағы маман бол деймін",  - дейді Жадыра Тойбай. 

Профориентолог қай мамандықтар үнемі сұраныста болатынын атады. 

"Әрине, кейбір мамандықтар үнемі сұраныста болып тұрады. Мысалы, педагогика, әскери қызметкерлер. Ақпараттық технология дамып келе жатқан соң IT-мамандары, инженерлер, ауылшаруашылық мамандары. Негізі мамандықтар жылда жаңарып тұрады. Жылда өзгермесе де, мүмкін 3-5 жылда мамандықтар түрленіп, өзгеріп отыруы мүмкін", - деді ол. 

- Елімізде қай салада кадр тапшылығы ерекше байқалады?

"Кадр тапшылығы бойынша бірнеше саланы атап өтуге болады: химия, физика, информатика сынды пәндерден сабақ беретін, әсіресе ауыл аймақтарға барып жұмыс істейтін педагогтер аз. Бұдан басқа, дәрігерлер, әскерилер. Бірақ елімізде жұмысшы мамандықтарға сұраныс көп. Автокөлік жасайтын техниктер, инженерлер тапшы. Сондықтан кәсіби бағдар берушілер түлектерге толық ақпарат берсе, құба құп болар еді", - дейді маман.

- Түлектер көбіне қандай мамандықтарға бет бұрғысы келеді? Бұл сұраныспен сәйкес келе ме?

"Қазір түлектер сұраныстағы мамандықтарға көп бет бұрады. Олар қолынан келе ме, қызығушылығы бар ма деген нәрсеге алаңдамайды. Өйткені сұраныстағы мамандықпен бірден жұмыс тауып кетемін деп ойлайды. Ал кез келген жұмыс беруші компания сол салада жетістікке жеткен, икемі бар, болашақта компанияға пайда әкелетін кадрларды іздейді. Оған қоса, кадр әмбебап боуы керек. Қазір көп дүние автоматтанып жатқан соң, бір кадр бірнеше нәрсе істей алады. Ал кәсіби бағдар беруші ретінде біз оқушыларды өз қабілетіне, мінезіне сай етіп, ертең сұарныста болатын кәсіпке бағыттауға тырысып жатырмыз", - дейді Жадыра ханым. 

- Жастардың мамандық таңдауда жиі жіберетін қателіктері қандай?

"Мамандық таңдауда қателесетін жас көп. Шыны керек, 20 жыл бұрынғы қателіктер әлі қайталанып жатыр. Бірақ биылдан бастап профориентолог деген мамандықтар пайда болып, түрлі бағдарламалар жасақталып жатыр. Оның нәтижесінде баланың да, ата-ананың да көзқарасын өзгертеміз деген ниеттеміз. Себебі бала мамандық таңдаған кезде, оған бірнеше фактор әсер етеді. Біріншісі, ата-анасы, одан соң достары. Бала досы қайда барса, сонда барғысы келеді. Одан басқа, шетелге түсу оңай болған соң, көбі ертең бұл мамандықпен жұмыс істей алатынын ойланбай түсіп жатады", - дейді маман. 


Профориентолог мамандық таңдағанда қандай факторды ескеру қажетін айтты. 

Біріншіден, адам алдымен өз икемі мен қабілетіне баға беруі керек. Профориентацияда оның 8 түрлі қабілеті анықталады. Оның ішінде 3-еуі үздік болады. Содан оған сай мамандықтар тізбегі жасақталады. Екіншіден, адамның психопортреті бар. Бұл мінезіне негізделеді, бұл да маңызды. Үшіншіден, бала таңдаған мамандығына байланысты ақпараттануы керек, оның "туысқан мамандықтарына" да қарау керек. Бұдан басқа, ол тұрған аймақта сұраныста ма, болашақта қалай өзгеруі мүмкін екеніне де назар аудару керек.

- Әр адамға кәсіби бағдар тестін өту қаншалық маңызды?

Маманның айтуынша, кәсіби бағдар тестін тек оқушы емес, ересек те өтуі керек. Ары қарай қалай дамимын деген сұрақ туғанда бұл тесттер табысты салаға апаратын жолдың бірі болмақ. 

Айта кетейік, биыл әр мектепке кәсіби бағдар беруші үшін жеке штат бөлу туралы бұйрық қабылданды. Бұл — мемлекеттің осы салаға бет бұрып, мамандар жұмысына мән бере бастағанының нақты белгісі.

Қазір мектептерде 1 159 педагог-профориентолог қызмет етіп жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамандық #оқушы #түлек #жұмыс #Таңдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Бүгін 09:15

Ирандағы "қышқыл жауын" Қазақстанға жетуі мүмкін бе? Мамандар түсіндірді

Бүгін 09:00

Атырауда жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды

Бүгін 08:41

-33 градус: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:37

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі