Синоптиктер бүгінгі күннің ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Ақмола облысында 23 мамырда батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с.
Алматы облысында 23 мамырда күндіз оңтүстігінде және таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады, бұршақ пен дауыл соғады. Найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан – батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде екпіні 18–23 м/с. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда түстен кейін кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с. Қонаевта күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 18–23 м/с.
Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с.
Жетісу облысында 23 мамырда солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және таулы өңірлерінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан – шығысында, орталығында және таулы аудандарында екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Батысында өрт қаупі жоғары, шығысында – төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысында 23 мамырда шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Батыс, солтүстік-батыс желі – түнде солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, күндіз 15–20, орталығында 25 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.
Ақтөбе облысында түнде батысы, солтүстігі мен орталығында, күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Батысы, оңтүстігі мен солтүстігінде – жоғары, оңтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысында тұман түседі. Өрт қаупі жоғары. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады. Өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында түнде батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай, күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұршақ пен дауыл. Жел оңтүстік-батыстан – түнде батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с, күндіз 15–20, кейде 23–28 м/с. Шығысында өрт қаупі жоғары. Қарағандыда түнде найзағай, жел 15–20 м/с.
Қостанай облысында шығысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай. Күндіз солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде бұршақ пен дауыл. Түнде және таңертең батысында тұман. Жел солтүстік-батыстан, күндіз екпіні 23–28 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда найзағай, күндіз бұршақ. Жел 15–20 м/с.
Ұлытау облысында күндіз найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан – солтүстігі, шығысы және орталығында 15–20, күндіз кейде 23–28 м/с. Орталығы, шығысы және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай. Жел 15–20 м/с.
Абай облысында күндіз батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай, бұршақ пен дауыл. Жел солтүстік-батыстан – батысы, орталығы және оңтүстігінде 15–20, кейде 23 м/с. Оңтүстігінде аптап ыстық – 35°С. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі. Семейде найзағай, бұршақ. Жел 15–20 м/с.
Түркістан облысында таңертең және күндіз – оңтүстігі, батысы мен таулы аудандарында найзағай. Солтүстігі, батысы мен шөлді өңірлерінде – шаңды дауыл. Жел солтүстік-батыстан 15–20, кейде 23 м/с. Солтүстігі, шөлді және таулы өңірлерінде – төтенше, оңтүстігінде – жоғары өрт қаупі. Түркістанда найзағай, кей уақытта шаңды дауыл. Жел 15–20 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз найзағай. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ пен дауыл. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20, кейде 23 м/с. Оңтүстігінде аптап ыстық – 35°С. Оңтүстік-шығысында – төтенше, оңтүстік-батысында – жоғары өрт қаупі. Өскеменде күндіз найзағай, бұршақ. Жел 15–20 м/с.
Павлодар облысында түнде батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл. Жел 15–20 м/с, күндіз 25 м/с-қа дейін. Шығысында – жоғары, батысы мен оңтүстігінде – төтенше өрт қаупі. Павлодарда найзағай, бұршақ, дауыл. Жел 15–20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда қатты жаңбыр, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы өңірлерінде найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл. Жел 15–20 м/с, кейде 23 м/с. Солтүстігі мен оңтүстігінде – жоғары, батысы мен шығысында – төтенше өрт қаупі. Таразда найзағай, бұршақ, дауыл. Жел 15–20 м/с, кейде 23 м/с.
Атырау облысында батысы, солтүстігі және шығысында – жоғары, оңтүстігінде – төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл. Түнде және таңертең батысында тұман. Жел 15–20, күндіз 23–28 м/с. Петропавлда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел 15–20, кейде 23–28 м/с.