Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер бірнеше балаға күрделі ота жа...

Алматылық дәрігерлер бірнеше балаға күрделі ота жасады 

Медицина 23.05.2025, 10:38 747
Алматылық дәрігерлер бірнеше балаға күрделі ота жасады 
№2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасы

Алматыдағы №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында сирек кездесетін аяқ-қол кемістігіне шалдыққан балаларға ота жасалды. Операция барысында бұрын-соңды қазақстандық клиникаларда қолданылмаған эксклюзивті технологиялар пайдаланылды. Оталарды ұйымдастыруға «Милосердие» еріктілер қоғамы» қоғамдық қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мұрындық болды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі. 

«Шеберлік класы шеңберіндегі оталарды біздің дәрігерлер мен қол-табан микрохирургиясы саласында әлемге танымал маман, Ресей Халықтар достығы университеті травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубев бірлесіп жасады. Біз аяқ-қолдың туабітті және жүре пайда болған кемістіктеріне шалдыққан кішкентай бес пациентке МӘМС шеңберінде ота жасадық», - дейді №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

Клиникалық жағынан қай-қайсысы да сирек кездесетін ауруларға жасалған бірегей операцияларға ресейлік маманмен қатар №2 ҚБКА Травматология және ортопедия бөлімшесі меңгерушісі Ерлан Садырбалин, балалар хирургі Үлжан Солтанбекова қатысты. 

2023 жылдың шілдесінде 6 жастағы Адель мен анасын жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан кезде көлік қағып кеткен. Анасы қатты жарақат алмағанмен, дөңгелек астында қалып қойған қыздың аяғын кесіп тастауға тура келіпті. Оның үстіне, саусақтары да қатты зақымданған. Халықаралық шеберлік класы барысында Адель кезекті хирургиялық ем алып, дәрігерлер оның саусақтарының пішінін қалыпқа келтіруге күш салды. 

Ота үстеліне жатқызылған екінші баланың есімі – Шынтас. Ол 2020 жылы шомылып жүріп көпірден суға секірген. Сол жақ иығын соғып, омыртқасына, жүйке жүйесіне зақым келген, сол қолы жансызданып салбырап қалыпты. Содан бері балаға екі рет күрделі ота жасалды. Шеберлік класы барысында тағы бір хирургиялық ота жүргізілді.

2022 жылдың жазында ата-анасы Нұрәлидің оң жақ қолындағы үш саусағының қимылдамай қалғанын аңғарған. Саусақтың қозғалысын қалпына келтіру үшін оған да аталған шеберлік класы барысында шұғыл түрде ота жасалды.

Ал, ата-анасы Ратмирдің сол қолының қисайып кеткенін 2023 жылы жазда байқапты. Өкінішке орай, ісік салдарынан қолдың өсуі тежеліп, бүгінде оң қол сол қолд 5 см қысқа, ал дер кезінде ота жасалмаса Ратмирге бір қолдан айырылып қалу қаупі төніп тұр. Сондықтан шеберлік класында бұл балаға да қолдың ұзындығын қалпына келтіруге бағытталған реконструкциялық ота жасалды.

Қорлардың көмегімен ұйымдастырылған шеберлік класы арқылы ауыр кемістік зардабын тартып келе жатқан балалар әлемдік деңгейдегі маманның көмегіне жүгініп, жоғары технологиялық ота жасатуға мүмкіндік алды. Оған қоса, ресейлік профессор 20 науқасқа тегін консультация беріп, 17 қазақстандық маманға тері пластикасы саласындағы инновациялық техникалар мен микрохирургияның қыр-сырын үйретті. Бұл алдағы уақытта осындай күрделі оталарды біздің елімізде де жасай бастауға мүмкіндік беретін стратегиялық қадам, дейді Марат Рабандияров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06

Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

Бүгін 20:02

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Бүгін 19:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика