Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / «КИСИ GPS» алаңында ғалымдар мен сарапшылар Қазақс...

«КИСИ GPS» алаңында ғалымдар мен сарапшылар Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылады

АЭС: Референдум 20.09.2024, 11:58 1,303
«КИСИ GPS» алаңында ғалымдар мен сарапшылар Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылады
kisi.kz

Алматы энергетика және байланыс университетінде «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» атты Ұлттық сараптамалық алаңында «Қазақстан және бейбіт атом: жаңа мүмкіндіктер мен даму басымдықтары» тақырыбында жиын өтті. Бұл алаң Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Отырыста ядролық физика, атом энергетикасы және өнеркәсіп салаларындағы жетекші мамандар мен ғалымдар атом энергиясының қауіпсіздігі, әлемдік тенденциялар, энергетика саласындағы инновациялар мен тұрақты даму мәселелерін талқылады.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина өз сөзінде референдум арқылы халықтың пікірі ескерілетінін айтып, жақында жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін бөлісті. Оған сәйкес, респонденттердің 53,1%-ы АЭС салуды қолдайтынын жеткізген.

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Абай Серікқанов атом энергетикасының төмен көміртекті болашаққа апарар жолда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қазақстанның уран қоры мен ядролық отын өндіру әлеуетін ескере отырып, АЭС салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Ядролық физика институты департаментінің директоры Мұрат Төлегенов Қазақстандағы атом өнеркәсібі саласындағы кадрлық әлеуеттің маңыздылығын атап өтіп, мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөліну керектігін айтты.

Жиынға қатысушылар бұл талқылаудың қазақстандықтардың АЭС құрылысына қатысты хабардарлығын арттыруға және алдағы референдумда дұрыс шешім қабылдауға ықпал ететініне сенім білдірді.

Жиын барысында айтылған мәселелердің бірі — АЭС қауіпсіздігі мен оның экономикалық және экологиялық маңыздылығы. Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығының атқарушы директоры Олег Романенко АЭС-тің соңғы буын реакторлары туралы айтып, бұл технологиялардың сенімділігі мен қауіпсіздік шараларын атап өтті. Ол қазіргі таңда 33 ел атом электр станцияларын қолданып, бұл технологияларды дамыған индустриалды елдердің басты ерекшелігі ретінде пайдаланатынын баса айтты.

Сондай-ақ, Атом индустриясын дамыту қауымдастығының мүшесі Дастан Елеукенов атом энергетикасы мәселесінің қазіргі уақытта көтерілу себебін түсіндіріп, ядролық технологиялардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің артқанын атап өтті. Ол соңғы он жылда технологиялық даму барлық алаңдаушылықтарды жоюға мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

Бауыржан Ибраев, New Nuclear Watch Institute Консультациялық кеңесінің төрағасы, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің өсуімен бірге электр энергиясына сұраныстың да артып келе жатқанын және Қазақстан экономикасының дамуы үшін энергияның жаңа көздері қажет екенін айтты.

АЭС құрылысының экономикалық және әлеуметтік пайдасын Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов ерекше атап өтті. Ол тұрақты энергия көздері арқылы жаңа өндірістердің құрылуына, жұмыс орындарының ашылуына және елдің экономикалық дамуына оң әсер ететінін жеткізді.

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры Андрей Кибарин дәстүрлі энергетика мен баламалы энергия көздерінің мүмкіндіктерін талдап, қазақстандық сарапшылардың зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, дәстүрлі энергетиканың әлеуеті жоғары бағаланып отыр, дегенмен атом энергетикасы да еліміздің болашағы үшін маңызды бағыттардың бірі.

Бұл отырыс Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы мүмкіндіктерін жан-жақты талқылап, АЭС құрылысының артықшылықтары мен қауіпсіздігін түсіндіруге бағытталған маңызды қадам болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бейбіт атом #Қазақстан #жаңа мүмкіндіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи "алтын": алматылық Богдан Неумывакин ушу-саньдадан әлем чемпионы атанды

Бүгін 14:38

Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды

Бүгін 14:33

Қос ішектің үні Нью-Йоркті тербетті: қазақ домбырасы әлем төрінде

Бүгін 14:21

"Үміті сөне жаздаған еді". Желіні тәнті еткен НЗМ қызметкері эксклюзив сұхбат берді

Бүгін 14:10

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика